Жаңалықтар тізбегі
0

Конституцияға енгізілетін қорытынды жобада Тұңғыш Президент туралы норма жоқ

Әлеуметтік желі, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.05.2022 21:44 Сурет: Facebook/Marat Bashimov
ҚР Конституциясына өзгерістер енгізу бойынша ұсыныстар әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының мүшесі Марат Башимов Тұңғыш Президенттің тарихи мәртебесі туралы норманың Конституциядан неліктен алынып тасталғалы жатқанын түсіндірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Еуропалық құқық және адам құқықтары сараптамалық институтының директоры бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Конституциялық кеңес Конституцияға енгізілетін түзетулер жобасының конституциялылығы туралы маңызды шешім шығарды.

  1. Мемлекет басшысы бастамашылық еткен конституциялық реформа қоғам тарапынан қызығушылыққа ие бола отырып, сындарлы талқыдан өтіп жатыр. Талқылау барысында жұртшылық конституциялық реформаның барлық тармақтарын, соның ішінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентіне қатысты жекелеген нормаларды Конституциядан алып тастау туралы түзетулерді де қолдады. Бұл - Тұңғыш Президенттің қатарынан екі реттен артық сайлану құқығы туралы норма және оның мәртебесі мен өкілеттігі Конституциямен және Конституциялық заңмен айқындалады деген норма.

  2. Сонымен қатар, 91-баптағы Тәуелсіз Қазақстанның негізін қалаушы ретіндегі Тұңғыш Президент мәртебесінің өзгеріске жатпайтындығы туралы норманың сақталуы қоғамда айтарлықтай қарама-қайшылық тудырды.

  3. Сондықтан Конституцияға енгізілетін түзетулер жобасын әзірлеген жұмыс тобының кейбір мүшелері Мемлекет басшысына Тұңғыш Президенттің тарихи рөлін негізгі заңнан алып тастау туралы ұсыныс жолдады, сондықтан ол ешқандай құқықтық сипатқа ие емес. Нұрсұлтан Назарбаевтың Тәуелсіз Қазақстанның Тұңғыш Президенті болғаны туралы тарихи фактінің өзі ерекше заңдық тұрғыдан бекітуді талап етпейді.

  4. Жұмыс тобы мүшелерінің пікірін ескере отырып, Конституциялық кеңеске қосымша өтініш жолданды. Қорытынды отырыстың нәтижелері бойынша Конституциялық кеңес түзетулер жобасының конституциялылығы туралы шешім шығарды.

  5. Осылайша, түзетулер жобасына сәйкес, Тұңғыш Президент, оның мәртебесі мен өкілеттігі туралы барлық нормалар Конституциядан толығымен алынып тасталады.

Бұл жүргізіліп жатқан конституциялық реформаның демократиялық сипатын тағы да айшықтай түседі. Мемлекет басшысы өзінің "Халық үніне құлақ асатын мемлекет" қағидасын берік ұстанатынын сөзбен емес, іс жүзінде тағы да нақтылады, деп атап өтті сарапшы.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: