Жаңалықтар тізбегі
0

51 елде Референдумға байланысты сайлау учаскелері ашылады

референдум, сайлау, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.05.2022 17:59 Сурет: Zakon.kz
ҚР Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров қазақстандықтардың ел Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі республикалық референдумға қатысуы үшін шетелде қанша сайлау учаскесі ашылатынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Константин Петров Қазақстанның 51 шет мемлекеттегі өкілдіктерінде референдумға қатысу үшін сайлау учаскелері құрылатынын мәлімдеді.

Бұл сайлау учаскелерінде тізім бар. Тізімдерге белсенді сайлау құқығы бар, тиісті шет мемлекетте тұратын немесе шетелде ұзақ мерзімді іссапарда жүрген және Қазақстан азаматының жарамды паспорттары бар барлық азамат енгізілген.

Шет мемлекеттерге жеке шақыру бойынша, қызметтік, іссапар және туристік сапармен келген Қазақстан азаматтары учаскелік комиссияға жүгінген кезде және Қазақстан азаматының жарамды паспорты болған жағдайда да есепке алынады. Сыртқы істер министрлігі Қазақстаннан тыс жерде орналасқан учаскелік комиссияларға шетелде жүрген азаматтарымызды тізімге енгізуге көмектеседі.Константин Петров

Жалпы, ОСК төрағасының орынбасары атап өткендей, жергілікті әкімдіктер референдум комиссияларымен бірлесе отырып, референдум өтетін күні сайлау учаскесіне келген азаматтың өзін тізімде тауып, Конституциямен кепілдік берілген құқығын еркін жүзеге асыра алуы үшін барлық шараны қабылдауы керек.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: