Алматының экс-әкімі Бақытжан Сағынтаев қызметке тағайындалды
«Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының мүшесін тағайындау туралы» Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2022 жылғы 23 мамырдағы № 3 шешімімен мына жерден танысуға болады.
Сағынтаев Бақытжан Әбдірұлы Бекетаев Руслан Бақытжанұлын тағайындау кезінде айқындалған өкілеттіктерінің қалған мерзіміне Қазақстан Республикасынан Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының мүшесі болып тағайындалсын, делінген құжатта.
Руслан Бекетаев 2021 жылғы 5 наурыздан бастап Қазақстан Республикасынан ЕЭК Алқасының жаңа мүшесі (Экономика және қаржы саясаты министрі) болып тағайындалды.
Бақытжан Сағынтаев 1963 жылы 13 қазанда Жамбыл облысы Талас ауданы Үшарал ауылында дүниеге келген.
Еңбек өтілі:
Алматы халық шаруашылығы институтының саяси экономия кафедрасының оқытушысы (1985-1988);
С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің әлеуметтану кафедрасының ассистенті, аға оқытушысы, доценті. Киров (1988-1992);
Maруе туристік-коммерциялық компаниясының президенті (1992-1993);
«Қазмет» АҚ бас директоры (1993-1997);
«ЛУКойлнефтегазстрой-К» ЖАҚ бас маманы, бас директорының орынбасары (1997-1998);
Жамбыл облысы әкімінің орынбасары (02.1998-02.1999);
Қазақстан Республикасы Шағын кәсіпкерлікті қолдау агенттігі төрағасының орынбасары (06.1999-10.1999);
«Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры» ЖАҚ басқарма төрағасы (12.1999-01.2001);
Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын кәсіпкерлікті қолдау агенттігі төрағасының орынбасары (01.2001-08.2002);
Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау агенттігі төрағасының бірінші орынбасары (09.2002-29.09.2004);
Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің төрағасы (29.09.2004-11.12.2007);
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысы (11.12.2007-30.09.2008);
Павлодар облысының әкімі (30.09.2008-20.01.2012);
Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрі (20.01.2012-09.2012);
«Нұр Отан» ХДП төрағасының бірінші орынбасары (09.2012-01.2013);
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасының Өңірлік даму министрі (16.01.2013-11.2013);
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары (06.11.2013; қайта тағайындалды - 04.04.2014; қайта тағайындалды - 30.04.2015 - 09.09.2016);
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі (09.09.2016-21.02.2019);
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы (01.03.2019-24.03.2019);
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы (24.03.2019-06.2019);
Алматы қаласының әкімі (28.06.2019-31.01.2022);
Қазақстан Республикасынан Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының мүшесі (2022 жылғы 23 мамырдан бастап).