Жаңалықтар тізбегі
0

Нұрлан Әбдіров және ҚР ОРК мүшелері халықаралық байқаушылармен бірнеше кездесулер өткізді

референдум, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.06.2022 07:55 Сурет: ҚР ОРК баспасөз қызметі
2022 жылғы 4 маусымда Қазақстан Республикасы Орталық референдум комиссиясының Төрағасы Нұрлан Әбдіров және ҚР ОРК мүшелері халықаралық байқаушылармен бірнеше кездесулер өткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бірқатар шет мемлекеттердің, атап айтқанда Түркия, Өзбекстан, Болгария, Молдова, Түркіменстан, Әзірбайжан, Беларусь, Ресей Федерациясы, Армения, Грузия, Қырғыз Республикасы, Тәжікстан, барлығы 12 елдің орталық сайлау органдарының төрағаларымен және мүшелерімен кездесу өтті.

Сондай-ақ Түркия Республикасының Жоғарғы сайлау кеңесі және Өзбекстан Орталық сайлау комиссиясының өкілдерімен жекелеген кездесулер өткізілді.

референдум, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.06.2022 07:55

Сурет: ҚР ОРК баспасөз қызметі

Ал халықаралық ұйымдардың өкілдерімен кездесулерге ШЫҰ, ТүркПА, ТМД ПАА өкілдері, Беларусь Парламенттік Жиналысының және Ресей Мемлекеттік Думасының депутаттық корпусының байқаушылары қатысты.

Қазақстан Республикасы Орталық референдум комиссиясының Төрағасы Нұрлан Әбдіров референдумды байқауға қатысқалы келген шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың орталық сайлау органдарының өкілдеріне алғысын білдірді.

референдум, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.06.2022 07:55

Сурет: ҚР ОРК баспасөз қызметі

Сонымен қатар, кездесу барысында Нұрлан Әбдіров халықаралық ұйым өкілдерінің референдумды байқауға қатысуы оның беделін арттыратынын және бұл референдумның жариялылығы мен ашықтығына кепіл болатынын, оның ішінде ШЫҰ – өңірдегі ғана емес, жалпы әлемдегі беделді және қарқынды дамып келе жатқан ұйымдардың бірі болып табылатынын атап өтті.

Ал өз кезегінде, ТМД ПАА мемлекетаралық, үкіметаралық және ведомствоаралық үйлестіруші институттардың нақты ұйымдастырушылық және тармақталған жүйесіне ие.

Сондай-ақ, ҚР ОРК Басшысы Түркітілдес елдердің Парламенттік Ассамблеясының өзара іс-қимылды кеңейтуге қызығушылық танытып отырғанын құптайтынын атап өтті.

референдум, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.06.2022 07:55

Сурет: ҚР ОРК баспасөз қызметі

ҚР Орталық референдум комиссиясының Төрағасы Нұрлан Әбдіров пен ҚР ОРК мүшелері 2022 жылғы 5 маусымға тағайындалған Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі республикалық референдумға дайындық пен оны өткізу барысы туралы егжей-тегжейлі баяндап берді.

Сондай-ақ, ҚР ОРК мүшелері делегация мүшелерінің үгіт жұмыстарына, оның ішінде комиссиялардың қызметіне, халықаралық байқаушылар мен шетелдік БАҚ өкілдерінің референдумды байқауға қатысуына қатысты сұрақтарына жауап берді.

референдум, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.06.2022 07:55

Сурет: ҚР ОРК баспасөз қызметі

Шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың орталық сайлау органдарының өкілдері осы ұйымдастырылып отырған кездесу үшін ҚР ОРК мүшелеріне өз ризашылықтарын білдіріп, республикалық референдум өткізу ісіне табыс тіледі.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: