Мемлекеттік хатшы Ерлан Карин референдумда дауыс берді
Мемлекеттік хатшы Ерлан Карин дауыс беру үшін отбасымен бірге келді. Ол Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының ғимаратында орналасқан No111 сайлау учаскесінде таңдауын жасады.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 5 мамырда еліміздің Негізгі заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша референдум өткізу туралы жарлыққа қол қойды.
Қазақстандықтар Конституциядағы түзетулерге «жақтап» немесе «қарсы» дауыс береді.
Референдумда 11,7 миллионнан астам Қазақстан азаматы дауыс бере алады.
Қазақстанда барлығы 10 мыңнан астам референдум өткізу орны құрылған.
Шетелде 65 сайлау учаскесі әлемнің 52 елінде ашылады.
Референдумға тізімдерге енгізілген азаматтардың жартысынан көбі қатысса, референдум өтті деп танылады.