Жаңалықтар тізбегі
0

Халықаралық бақылаушылар референдумдағы дауыс беру процесіне баға берді

Шетелдік бақылаушылар, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.06.2022 12:29 Сурет: Zakon.kz
Халықаралық бақылаушылар республикалық референдумда қазақстандықтардың белсенділігі жоғары екенін атап өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Халықаралық Түркі академиясының бақылау миссиясымен келдік. Біз сағат таңғы 7-ден бастап сайлау учаскелерінде болдық. Дәл қазіргі уақытқа дейін тоғыз сайлау учаскесін аралап келдік. Бұдан кейін де жұмысымызды жалғастыра береміз. Қазіргі таңда халықтың референдумға қатысуға белсенділігін жоғары деп айта аламыз. Оған өзіміз куә болдық. Халықаралық Түркі академиясының вице-президенті Физули Маджидли

Оның айтуынша, Орталық референдум комиссиясы мен еліміздің басқа да мемлекеттік органдары осы процестің нормалары мен стандарттарына сай жұмыс істеп жатыр.

Біз Қазақстанда сайлау құқығының бұзылуын анықтаған жоқпыз. Түркі әлемінің академиялық қауымдастығы Қазақстандағы референдумды жоғары қызығушылықпен бақылап отыр. Біз мұндай жағдайда түркі елдерінің бірлігі мен ынтымақтастығы өте мықты болуы керек деп санаймыз. Халықаралық Түркі академиясының вице-президенті Физули Маджидли

Халықаралық Түркі академиясының аға сарапшысы Тимур Козырев адамдардың белсенділік деңгейі өте жоғары, азаматтардың көңіл-күйі көтеріңкі екенін айтты.

Қазақстан - біздің Отанымыз, яғни біз, түркі мемлекеттері үшін, бұл бөтен жер емес. Біз бірнеше сайлау учаскелеріне болдық, музыка ойнап тұр, бауырсақ, қазақстандық кәмпиттерден дәм таттық. Біз Қазақстанның қонақжайлылығының куәсі болдық. Халықаралық Түркі академиясының аға сарапшысы Тимур Козырев

Сондай-ақ Палестина елшісі Монтасыр Абузеид 5 маусым Қазақстан халқы үшін өте маңызды күн екенін атап өтті. Ол мұндай шараға халықаралық байқаушы ретінде бірінші рет қатысып отырмағанын атап өтті.

Бүгін Қазақстан халқы үшін өте маңызды күн. Осы референдумда мен халықаралық бақылаушы ретінде қатысудамын. Бұл менің жағдайымда бірінші рет емес, президенттік және парламенттік сайлауларда да бақылаушы болғанмын. Бүгін біз көптеген учаскеге бас сұғып, адамдардың өз еркімен, жақсы көңіл-күймен дауыс беріп жатқанының куәсі болдық, ешқандай заң бұзушылықты байқағаным жоқ. Қазақстандағы Палестина мемлекетінің Төтенше және Өкілетті елшісі Монтасыр Абузеид
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: