Exit poll: Сауалнамаға қатысқандардың 76,7% референдумды жақтап дауыс берді
"СОЦИС-А" кешенді әлеуметтік зерттеулер институты 350 мыңға жуық қазақстандықтың сауалнамаға қатысқанын жеткізді.
Алдын ала мәліметтер бойынша, референдумға ел азаматтарының қатысу деңгейі 67,5%-ды құрады. Конституцияға енгізілген түзетулерді қолдағандар – 76,7%, қарсы болғандар – 23,3%.
Республикалық референдум қорытындысы бойынша тағы екі exit poll деректері Qazaqstan телеарнасындағы онлайн-марафон барысында жарияланған цифрлардан айтарлықтай алшақтап кете алмады.
Демократия институты: референдумға қатысушылардың 79,4% - ы Конституцияға енгізілетін түзетулер пакетін қолдады.
"Қоғамдық пікір" институты: респонденттердің 74,8% Конституцияға енгізілген түзетулерді жақтап, дауыс берді.
Айта кетсек, 5 маусымда Қазақстанда ел Конституциясына түзетулер мен өзгерістер енгізу бойынша республикалық референдум өткен болатын. Дауыс беру сағат 7:00-ден 20:00-ге дейін жүргізілді.
Референдумда барлығы 11,7 миллионнан астам азамат дауыс бере алды.