ҚР Сыртқы істер министрлігі Ауғанстан халқына көңіл айтты
Сурет: gov.kz
ҚР Сыртқы істер министрлігі Пактика және Хост провинцияларында болған жер сілкінісі салдарынан адамдардың қаза болуына байланысты Ауғанстан халқына көңіл айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ауғанстанның шығысындағы жойқын жер сілкінісінің кесірінен елеулі адам шығынына байланысты ауған халқының қайғысына ортақтасамыз, делінген көңіл білдіру хабарламасында.
Қазақстан халқы мен басшылығының атынан осы апаттан қаза тапқандар мен зардап шеккендердің отбасыларына шын жүректен көңіл айтамыз. Қалыпты тіршілікке тезірек оралуға тілектестік білдіреміз. ҚР СІМ баспасөз қызметі
Айта кетсек, Ауғанстанда 6,1 баллдық жер сілкінісі болды. Жергілікті биліктің хабарлауынша, жер сілкінісі салдарынан 280 адам қайтыс болып, тағы 600 адам жарақат алды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript