Қазақстан Республикасының ЕАЭО елдерімен өзара сауда айналымы 5 пайыздай көбейді
2022 жылғы қаңтар-мамырдағы тауарлар экспорты 2 929,3 млн АҚШ доллары деңгейінде қалыптасты (0,9%-ға аз), импорт – 7 027,6 млн АҚШ доллары (7,3%-ға көп).
Қазақстан Республикасының ЕАЭО елдерімен сыртқы сауда айналымының жалпы көлемінде:
Ресей Федерациясының үлесі – 92,8%;
Қырғызстанда – 3,8%,
Беларусьте – 3,3%,
Арменияда – 0,1%.
ЕАЭО елдерімен экспорт бойынша өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда ең жоғарғы өсім жасанды корунд (алюминий оксиді, алюминий гидроксиді) бойынша байқалды, өсім – 3 есе. Бұл ретте күйдірілген пиритті қоса алғанда, темір кендері мен концентраттары бойынша төмендеу байқалды (53,4% аз).
Импортта өсім мыс кендері мен концентраттары бойынша байқалды – 17,6 есе. Бұл ретте жеңіл автомобильдер және өзге де моторлы көлік құралдары бойынша көрсеткіштің төмендеуі тіркеліп отыр (53,7 % аз).