Ақорда Астанадағы ТМД мемлекет басшылары кеңесінің отырысынан фото жариялады
Сонымен қатар Ақорданың Telegram-дағы каналында кездесуге қатысушыларды фотоға түсіру рәсімінен бейнеролик жарияланды.
ТМД Мемлекет басшыларының кеңесі - Достастық қызметтің негізгі мәселелері талқыланатын және шешілетін жоғарғы органы.
Іс-шараға Әзірбайжан, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Ресей, Түрікменстан, Тәжікстан, Өзбекстан басшылары, сонымен қатар ТМД Атқару комитетінің төрағасы – Атқарушы хатшысы қатысады.
Кейінгі жылдары ТМД іс-шараларына қатысуын тоқтатқан Украинаның саммитте бірде-бір өкілі болмайды. Сонымен қатар Молдова басшысы жұмыс кестесінің тығыздығына байланысты қатыса алмайды.
Іс-шара барысында олар Достастық алаңында өзара іс-қимылдың өзекті мәселелерін талқылауды, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы, сонымен қатар ынтымақтастық саласындағы интеграциялық байланыстарды одан әрі дамытуға және нығайтуға бағытталған бірқатар құжатты қарастыруды және қабылдауды жоспарлап отыр.