«Бәйтерек» холдингі мен «Goknur Gida» түрік компаниясы АӨК саласындағы жобаның іске асырылуын талқылады
Сурет: «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ
«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Басқарма төрағасы Қазақстан Президентінің 2022 жылғы 11 мамырдағы «Goknur Gida» компаниясымен екіжақты кездесуі шеңберінде Тоқаевтың Түркияға ресми сапары барысында Анкарада алғаш танысқан «Goknur Gida» түрік компаниясының Бас директоры Осман Асланалимен кездесу өткізді.
«Goknur Gida» Түркиядағы жемістерді өсіру және органикалық шырындарды, концентраттар мен пюрелерді өңдеу бойынша ең ірі компания болып табылады.
Сурет: «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ
Кездесу барысында тараптар жобаны іске асыру мәселелерін және өзара тиімді ынтымақтастықтың болашақ әлеуетін талқылады. АӨК саласында компания 5 жыл мерзімге ірі жобаны іске асыруды жоспарлап отыр.
Қазақстанның аграрлық секторын дамыту тұтастай алғанда мемлекетіміздің де, сонымен қатар ішінара «Бәйтерек» холдингінің де басымдықтарының қатарына кіреді. Өз тарапымыздан біз келіссөздердің одан әрі барысын анықтау үшін ынтымақтастық перспективаларын қарастыруға дайынбыз.Қанат Шарлапаев
Сурет: «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ
Іскерлік кездесу соңында тараптар Қазақстан мен Түркия арасындағы тұрақты және өзара тиімді әріптестікті одан әрі нығайтуға ниет білдірді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript