Өскемендіктер сайлау учаскесінде азық-түлік жәрмеңкесін ұйымдастырды
№30 және №31 сайлау учаскелері Өскемен қаласының №3 мектеп-лицейінде орналасқан. Мұнда таңғы 6-дан бастап алғашқы сайлаушылар келе бастады. Бірінде сайлаушыларды ыстық бауырсақ және шаймен күтіп алды. Ал екінші жақта азық-түлік жәрмеңкесі ұйымдастырылған.
Сурет: Zakon.kz
Бастапқыда сайлаушыларға азық-түлік төмендетілген, әлеуметтік бағада ұсынылады деп болжанған еді. Бірақ бәрі олай емес болып шықты.
Әлеуметтік бағада мыналар сатылады:
күнбағыс майы 2 литр – 1260 теңге,
қарақұмық – келісі 420 теңге
қант – 369 теңге.
Бірақ әлеуметтік маңызы бар өнімдер тізіміне енбеген тауарлардың бағасы арзан емес. Мысалы, шұжықтар 2700 теңгеден, тауық етінен жасалған шұжықтар 3000 теңгеден жоғары, бекон 2500 теңгеден сатылып жатыр.
Сайлау комиссиясының мәліметінше, Шығыс Қазақстан облысында 537 сайлау учаскесі, оның ішінде 32-сі азаматтардың уақытша тұратын жерлерінде құрылған. 549 сайлау комиссиясы бар, оның ішінде 12 аумақтық, 537 учаскелік. Учаскелер 7:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істейді.
Облыс бойынша кандидаттарға барлығы 500 мың адам дауыс береді.