Иманғали Тасмағамбетов ҰҚШҰ-ның Бас хатшысы болып тағайындалды
Бұл туралы Армения премьер-министрі Никол Пашинян ҰҚШҰ-ның Еревандағы сессиясының ашылуы кезінде мәлімдеді.
2023 жылдың басынан бастап алдағы үш жыл бойында ҰҚШҰ Бас хатшысының міндеттерін Қазақстан өкілі Иманғали Нұрғалиұлы Тасмағамбетов атқаратын болғандықтан, құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы орынды деп санап, егер ол кісіні бізге ұсынып жатса, бұл өз-өзін ақтайды деп ойлаймын. Армения премьер-министрі Никол Пашинян
Иманғали Нұрғалиұлы Тасмағамбетов 1956 жылы 9 желтоқсанда Гурьев облысы Новобогат ауылында дүниеге келген.
1979 жылы А.С. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтының жаратылыстану-география факультетін бітірді.
Гурьев қалалық комитетінің ЛКЖО бірінші хатшысы (1983-1985); Гурьев облыстық комитетінің ЛКЖО бірінші хатшысы (1986-1988) болды.
1993-1995 жылдары ҚР премьер-министрінің орынбасары; 1998-1999 жылдары ҚР Президентінің бірінші көмекшісі болды.
2002 және 2003 жылдары ҚР премьер-министрі; 2003 жылдан 2004 жылға дейін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы қызметін атқарды.
2004-2008 жылдары - Алматы қаласының әкімі; 2008-2014 жылдары - Астана қаласының әкімі.
2014 жылдан бастап Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі; 2015-2016 жылдары осы лауазымға қайта тағайындалды.
2017 жылдан 2019 жылға дейін Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы төтенше және өкілетті елшісі болды.