Сайлау алдында Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы да мәлімдеме жасады
Сурет: Zakon.kz
21 қаңтарда Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы төралқасының мәлімдемесі жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Мәлімдемені саяси партияның баспасөз қызметі таратты.
"Біз, Жалпыұлттық социал-демократиялық партия – еліміздегі саяси өзгерістер үшін күресуге дайын жалғыз оппозициялық күшпіз. Өткен парламенттік сайлау науқанында дауыс берудің әділ өтуіне күмән келтіріп, өз кандидаттарымызды ұсынбай, сайлауға бойкот жариялауды шештік. Енді жағдай өзгерді, заңнамалық шарттар мен билік жүйесінің өзі өзгерді. Сондықтан да, еліміздің болашағы алдындағы жауапкершілікті түсіне отырып, біздің партия алдағы сайлау науқанына қатысу туралы шешімін қабылдады". Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының төралқасы
Сондай-ақ мәлімдемеде еліміз өмірдің барлық салаларында жүйелі проблемалармен бетпе-бет келуі, саяси және экономикалық ресурстарға қол жеткізу азаматтарымыздың көпшілігіне шектеулі екендігі айтылған.
"Байлар мен кедейлер арасындағы алшақтық бұрын-соңды болмаған мөлшерге жетті. Біз мемлекеттіміздің қазіргі қоғамдық-саяси және экономикалық саясатын қабылдамаймыз және қабылдағымыз да келмейді. Біз сайлауға қоғамда жылдар бойы жиылған мәселелерді шешу, азаматтардың құқықтарын кеңейту және саяси жүйені демократияландыру мақсатында қатысамыз". Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының төралқасы
Айта кетсек, 20 қаңтарда алдағы сайлауға байланысты "Amanat", "Ақ жол" және "Қазақстан халық партиясы" да мәлімдеме жасаған болатын. Сондай-ақ 21 қаңтарда "Ауыл" партиясы жаңа сайлау циклінде адал және ашық күреске дайын екендіктерін мәлімдеді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript