Жаңалықтар тізбегі
0

Орталық сайлау комиссиясы "Ауыл" ХДП партиялық тізімін тіркеді

Орталық сайлау комиссиясы "Ауыл" ХДП партиялық тізімін тіркеді, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.02.2023 11:47 Сурет: auyl.kz
Орталық сайлау комиссиясы пропорционалдық жүйе бойынша мәжіліс сайлауына "Ауыл" халықтық-демократиялық патриоттық партиясынан кандидаттардың тізімін тіркеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіровтің айтуынша, 7 ақпанда "Ауыл" халықтық-демократиялық патриоттық партиясының құжаттары Орталық сайлау комиссиясына келіп түскен.

"ОСК кандидаттардың Конституция мен Сайлау туралы Конституциялық заң талаптарына сәйкестігін анықтау бойынша тиісті рәсімдерді жүргізді. ОСК барлық мүдделі уәкілетті органдардың қорытындысын алды".ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіров

ОСК мүшесі Асылбек Смағұлов «Ауыл» ХДП ОСК-ға мына құжаттарды тапсырғанын айтты: 2023 жылғы 4 ақпандағы кезектен тыс XXII съездің партиялық тізімді ұсыну туралы хаттамасынан үзінді көшірме, азаматтардың келісімі туралы мәлімдемесі, тізімдегі әр кандидаттың өмірбаяны мен жеке куәліктерінің көшірмесі.

Сонымен қатар әр кандидаттың партияға мүшелігін растайтын құжат, «Ауыл» ХДП» ҚБ Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгені туралы құжаттардың көшірмесі, кандидаттардың ұсынғаны туралы мемлекеттік кірістер органының анықтамалары және олардың 2023 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша активтер мен міндеттемелер туралы декларациясы.

Мүгедектігі бар үміткерлер мүгедектік туралы анықтамаларды қосымша тапсырды.

"Ауыл" ХДП 25 адамнан тұратын партиялық тізімді ұсынды. Бұл тізімге 10 әйел, жастар мен мүгедектігі бар жандар кіреді. Бұл тізімге енгізілген жалпы санның 40%-ына тең".ОСК мүшесі Асылбек Смағұлов

Сонымен қатар Асылбек Смағұлов партиялық тізімдерді ұсынған саяси партиялар партиялық тізімге енгізілген әр адам үшін партия қаражатынан ОСК шотына ең төменгі жалақының он бес еселенген мөлшерінде (1 050 000 теңге) сайлау жарнасын енгізетінін атап өтті.

Парламент мәжілісі депутаттарының алдыңғы сайлауында 5% және одан да көп дауыс алған саяси партиялар сайлау жарнасын төлемейді.

"2021 жылдың қаңтарында өткен мәжіліс депутаттарын сайлауда "Ауыл" ХДП 5,29% дауыс жинады. Осыған байланысты "Ауыл" партиясы сайлау жарнасын төлеуден босатылды".ОСК мүшесі Асылбек Смағұлов

Мәжіліс сайлауына жеті партия жіберілді:

  • Қазақстанның "Ақ жол" демократиялық партиясы.
  • Amanat партиясы.
  • "Ауыл" халықтық-демократиялық партиясы.
  • "Байтақ" Қазақстан жасыл партиясы.
  • Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы.
  • Қазақстан халық партиясы.
  • Respublica партиясы.

Мәжіліс пен барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауы 2023 жылдың 19 наурызына белгіленді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: