ДДСҰ: Су арқылы тарайтын аурулар өршуі мүмкін
Сурет: Zakon.kz
Түркия мен Сирияда алапат зілзаладан кейін су арқылы тарайтын аурулар белең алу қаупі бар, деп хабарлайды Zakon.kz.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы осылай деп дабыл қақты.
Суық ауа райы, су мен кәріз жүйесінің зақымдануы жағдайды ушықтыра түсуі мүмкін.
Маусымдық тұмау мен ковид қосылуы да ықтимал, деп жазады qazaqstan.tv.
Әсіресе, үйсіз қалғандар уақытша тұратын аумақтарда вирустың тез тарау қаупі басым.
Ұйым өкілдерінің сөзінше, Түркия мен Сирияда 26 миллиондай адам гуманитарлық көмекке зәру.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript