Жаңалықтар тізбегі
0

Мажоритарлы жүйе бойынша 10 мыңнан аса кандидат мәслихаттардағы 3415 орынға таласады

Мәжіліс сайлауы, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.02.2023 14:55 Сурет: Zakon.kz
Орталық сайлау комиссиясы мажоритарлық жүйе бойынша сайланатын барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттығына кандидаттарды тіркеу қорытындысын жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Орталық сайлау комиссясы төрағасының орынбасары Константин Петровтың мәліметінше, Қазақстанда барлығы 223 мәслихат бар, олар 3 415 мандатқа ие. Оның 3 081-ін бірмандаттық аймақтық округтер бойынша (мажоритарлық жүйе бойынша) сайланатын депутаттар қамтиды. Бұл - облыстық, республикалық маңызы бар қалалар мен Астана мәслихаттары құрамының 50 пайызы, сондай-ақ қалалар мен аудандардағы мәслихаттар депутаттарының 100 пайызы.

"Аймақтық сайлау комиссияларының ұсынған дерегіне сүйенсек, 3 081 депутаттық орынға 10 288 үміткер өз кандидаттығын ұсынған, орташа бәсекелестік – бір орынға үш кандидаттан артық келуде. Облыстық деңгейдегі бірмандаттық сайлау округтері бойынша 1 451 кандидат, қала деңгейінде – 2 114, аудан деңгейінде – 6 732 кандидат тіркелді". ОСК төрағасының орынбасары Константин Петров


Орталық сайлау комиссиясының кезекті отырысында бірмандаттық округтер бойынша сайланатын ҚР Парламенті Мәжілісінің және мәслихаттардың депутаттығына кандидаттарды тіркеу қорытындылары да талқыланды.

Жалпы статистика бойынша, кандидаттардың 61,8% – өзін-өзі ұсынған, 38,2% - саяси партиялар мен өзге де қоғамдық бірлестіктер ұсынған. Тіркелген үміткерлердің 72,84 пайызы - ер адамдар, 27,16 пайызы - әйелдер, орташа жасы - 42,6 жас.

2003 жылғы ең жас кандидат Павлодар облысында тіркелді, 1945 жылғы ең егде жастағы кандидат Астана қаласында тұрады. Үміткерлер арасында 39 этнос өкілдері бар.

18 ақпанда ОСК ҚР Парламенті Мәжілісіне және мәслихаттар депутаттығына кандидаттарды партиялық тізімдер бойынша тіркеу қорытындысын жариялады. Сондай-ақ, Орталық сайлау комиссиясы Мәжіліс депутаттығына кандидаттарды бірмандаттық округтер бойынша тіркеу қорытындыларын ұсынды.

Мәжіліс пен барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарын сайлау 19 наурызда өтеді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: