Жаңалықтар тізбегі
0

"Дауыс шешпейді деп ойласақ, бірнәрсе өзгерту қиын": Астанадағы учаскеде жағдай қандай

сайлау, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.03.2023 14:50 Сурет: Zakon.kz
Астанадағы №58 сайлау учаскесінде бүгін таңертең президент Қасым-Жомарт Тоқаев дауыс берді. Оқушылар сарайында ұйымдастырылған бұл учаскеде дауыс беру қалай өтіп жатқанын Zakon.kz тілшісі бақылады. Учаскеге келген адамдармен әңгімелесіп, халықтың осы жолғы сайлау туралы ойын білді.

Оқушылар сарайында жалпы үш сайлау учаскесі ұйымдастырылған. Негізгі кіреберіс №58 және №59 сайлау учаскесіне бастайды.


сайлау, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.03.2023 14:50

Сурет: Zakon.kz


Таңертең ерте келгендер қатарынан Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусинді көрдік. Ол отбасымен келіп, дауыс берді. Министр бұл жолғы сайлауды "демократия сезімін береді" деп сипаттады.


сайлау, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.03.2023 14:50

Сурет: Zakon.kz


Учаскеге баласын жетектеп келген тек министр емес. Астана тұрғыны Ерболат та ұлын ерте келген. Ол баласын хоккей жаттығуына алып шыққанда жолай өзінің сайлау учаскесіне соғуды ойлапты. Сайлауға қатысу, дауыс беру өзінің азаматтық міндеті деп санайтын заңгер осы жолғы сайлау бұрынғыдан өзгерек деп есептейді.


сайлау, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.03.2023 14:50

Сурет: Zakon.kz


"Бұл жолы тәуелсіз кандидаттар, басқаша таңдау және қызық компаниялар бар. Сол үшін осы жолы міндетті түрде дауыс беремін деп шештім. Қазақстанның әр азаматы сайлауға қатысып, дауыс беруі керек деп есептеймін. Егер адам "менің даусым ештеңе шешпейді" деп ойлай берсе, бірнәрсе өзгерту қиын", - деді Астана тұрғыны Ерболат.

Астана тұрғыны Ерболаттың ұлына учаскеге келгені үшін мұндағылар футболка мен кепка сыйға тартты.


сайлау, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.03.2023 14:50

Сурет: Zakon.kz


63 жасар ағамыз Қайрат Айдархан да сайлауға қатысу маңызды деп есептейді. Ол "Назарбаевты 3 рет, Тоқаевті 2 рет сайладым" деді әзіл-шыны аралас.

"Азаматтық міндетімізді орындай отырып ұрпаққа үлгі болуымыз керек. Ұрпақтың болашағы үшін. Сайлауға үнемі келемін, президенттерге үнемі дауыс беремін. Бұл жолғы кандидаттардың біразын тыңдадым. Олардың әрқайсының ойы ұнады. Біреудікі жақсы, екіншісінікі нашар екен деп айта алмаймын. Бәрі осы елдің болашағы үшін әр қырынан жұмыс істеп жатыр ғой. Ұрпағымыздың болашағы үшін елде әділдік орнаса екен. Ел көркейіп, мемлекетік қазынасы шашылмаса екен. Кедей мен бай, жоғары мен төмен тең болса екен", - деп тілегін білдірді Қайрат Айдархан.


сайлау, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.03.2023 14:50

Сурет: Zakon.kz


Сайлау учаскесінде көбіне үлкен, егде кісілерді байқадық. Бірақ жастар да жоқ емес. "18 жасымнан бері дауыс беріп келемі" деп бастады әңгімесін 25 жастағы Астана тұрғыны Анель. Ол дауыс беруге әкесімен бірге келген. Өзінің айтуынша, анасы мен ағасы шетелде тұрады. Олар да учаскеге арнайы барып, дауыс беріп жатыр екен.

"18 жасымнан үнемі осы учаскеге келемін. Әдетте дауыс бергенде президентімізбен соқтығысып қалатынмын. Адамдар ығы-жығы болып, үйіліп жүреді. Бұл жолы тыныш кезде келіп тұрмын. Біз, жастар дауыс бермегенде кім дауыс береді? Оның үстіне қазір бюллетенде "Бәріне қарсымын" деген таңдау бар. Қаласаңыз, сайлауға қарсы болсаңыз, "бәріне қарсымын" деген нұсқаны таңдаңыз. Астана тұрғыны Анель


сайлау, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.03.2023 14:50

Сурет: Zakon.kz


Дегенмен ол биыл ауыз толтырып айтатындай қызық кандидат болмады деді.

"2023 жылы аса қызық ерекшелік болмады. Мысалы, кандидаттар үнемі стандартты уәделер айтады. Ол нақтыланбаған соң құрғақ сөз сияқты. Мүмкін оларға жеке айналысатын ісі жағынан мәселенің шешімін айтып, нақты бір нәрсеге көңіл қою керек шығар", - деді Анель.

Сайлау учаскесінде Ресей Федерациясы және Түркия Орталық сайлау комиссияларының өкілдері жүр. Ресей ОСК төрағасының орынбасары Николай Булаев еліміздегі сайлау қанағаттанарлық деңгейде, заңды түрде өтіп жатқанын айтты. Оның сөзінше, биыл Қазақстанда өтіп жатқан сайлау күрделі.


сайлау, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.03.2023 14:50

Сурет: Zakon.kz


"Ауа райы қыс сияқты қызық. Жаңа жыл қайта келіп қалғандай. Барынша салмақты сайлау болып жатқанына қарамастан адам біраз келіп, дауыс беріп жатыр. Салмақты дегенім сайлау негізі күрделі. Бірнеше бюллетень, бір бюллетеньде 37-38 адам тізімі бар. Осының бәріне қарамастан адамдардағы сенім мен сабырды байқадым. Дауыс беруші халық ертең мемлекет қалай өмір сүріп, қалай дамуы керек екенін нақты біліп, сенім артатындай көрінеді. Осыған қарап-ақ олар бүгін таңдау жасайды", - деді Николай Булаев.


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: