Жаңалықтар тізбегі
0

Үкіметте Қожа Ахмет Яссауи кесенесін сақтау мәселелері талқыланды

Мәдени нысан, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.03.2023 20:24 Дамир Жүнісов
ҚР Премьер-министрінің орынбасары Алтай Көлгіновтің төрағалығымен өткен кеңесте Түркістан қаласына рухани және тарихи астана мәртебесін беру және Қожа Ахмет Яссауи кесенесін сақтау мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекет басшысы Түркі мәдениетінің бесігі – Түркістанға ерекше мәртебе беруді тапсырған болатын. Себебі ежелгі қаланың аумағында ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұра нысандары, тарихи және мәдени ескерткіштер орналасқан. Бұл маңызды мәртебе Түркістанның тарихи бөлігінің ауқымын сақтап қалуды, қала құрылысы барысында, тиісті ережелерді ұстануды көздейді. Сондай-ақ ластанудың және стихиялық урбанизацияның алдын алады. Естеріңізге сала кетейік, қаланы түркі әлемінің халықаралық туризм және зиярат ету орталығына айналдыру жоспарланып отыр, делінген Үкімет баспасөз қызметінің хабарламасында.

Ерекше мәртебе беру үшін бірқатар заңдар мен кодекстерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажет. Түзетулер Түркістан қаласының әкімдігіне туристік саланы дамыту бойынша құзырет беруге, қала бюджетінің кіріс бөлігін ұлғайтуға, сәулет келбетін қалыптастыруға, сәулет-қала құрылысы тәртібінің сақталуына және тарихи-мәдени мұра нысандарын есепке алу, сақтау және зерделеу жөнінде жұмыстар жүргізуге мүмкіндік береді.

Вице-премьер, бұл мәселені орталық органдармен және қала әкімдігімен талқылауды қорытындылай келе, Түркістанға ерекше мәртебе беру туралы заң шығару жұмысын жеделдету қажеттігіне баса назар аударды.

ҚР Президентінің 2022 жылғы 27 қыркүйектегі Түркістанға сапарының қорытындысы бойынша тағы бір тапсырмасы Қазақстанның бірегей архитектуралық-тарихи кешені – XIV ғасырға жататын Қожа Ахмет Яссауи кесенесін сақтау болды.

2021 жылы "Қазреставрация" қызметкерлері кесененің техникалық жай-күйіне тексеру жүргізді. Содан кейін ол қанағаттанарлық деп бағаланды. Дегенмен температура мен ылғалдың маусымдық өзгеруі тарихи ғимаратқа кері әсерін тигізеді. Сондай-ақ дренаждық ұңғымалар арқылы өтетін жерасты суларының да қаупі бар.

Айта кету керек, кесененің жағдайы Дүниежүзілік мұра комитеті сессиясының күн тәртібінде және 2023 жылдың қыркүйегінде Эр-Риядта қайта қаралады.

Ескерткішті сақтау үшін ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің үйлестіруімен зерттеу жұмыстарының кешенді бағдарламасын іске асыру басталды, 2023 жылы реставраторларды, экологтарды, геологтарды және басқа да мамандарды тарта отырып жүргізіледі.


"Қожа Ахмет Яссауи кесенесі – бірегей сәулет ескерткіші. Оны ұрпақ үшін бастапқы күйінде сақтау күрделі, бірақ орындалатын мәселе. Ол үшін ғылыми білімді, қалпына келтіру бойынша әлемдік тәжірибе мен заманауи техникалық жетістіктерді пайдалану қажет", — деп атап өтті Премьер-министрдің орынбасары.

Қожа Ахмет Яссауи кесенесін сақтау мәселесін талқылау қорытындысы бойынша Түркістан облысының әкімдігіне және ҚР Мәдениет және спорт министрлігіне ескерткішке жақын жерде абаттандыру жобаларын іске асыру кезінде тарихи ғимаратқа зиян келтірмеу үшін ылғалдың оңтайлы деңгейін сақтау тапсырылды. Сонымен қоса ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін сарапшыларды тарту мәселесі өзекті болып қала береді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: