Марат Ахметжанов Ішкі істер министрі болып қызметінде қалды
Хабарлама Ақордада жарияланды.
"Марат Мұратұлы Ахметжанов Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі лауазымына тағайындалсын", - делінген хабарламада.
Полиция генерал-полковнигі М.М. Ахметжанов 1964 жылы 22 желтоқсанда дүниеге келген.1991 жылы Е.А.Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген, заңгер.
Еңбек өтілі:
Еңбек жолын 1991 жылы тағылымгер қызметінен бастап, кейін Теміртау қаласы прокуратурасының тергеушісі болып қызмет атқарған.
1993-1996 жж. – Бас прокуратура жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі арнайы прокуратураның аса маңызды істер жөніндегі аға тергеушісі, Бас прокуратураның Аса қауіпті қылмыстарды тергеу басқармасы аймақтық тергеушілер бөлімінің бастығы.
1996-1997 жж. – Мемлекеттік тергеу комитетінің Аса қауіпті қылмыстарды тергеу басқармасының бөлім бастығы, Мемлекеттік тергеу комитетінің Әскери-тергеу департаменті тергеу басқармасының бастығы.
1997-1998 жж. – Ішкі істер министрлігінің Әскери-тергеу департаменті тергеу басқармасының бастығы.
1998-2001 жж. – Тергеу департаменті директорының орынбасары және Әділет министрлігінің Сот қаулыларын орындау комитеті төрағасының орынбасары.
2001-2003 жж. – Бас прокуратураның Тергеу және анықтау органдарындағы заңдылықты қадағалау департаментінің бастығы.
2003-2006 жж. – Павлодар облысының прокуроры.
2006-2009 жж.– Оңтүстік Қазақстан облысының прокуроры.
2009-2012 жж.– ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің төрағасы.
2012-2014 жж. – ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі төрағасының орынбасары.
2014-2016 жж. – Атырау облысы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы, Атырау облысы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюро департаментінің басшысы.
2016-2021 жж. – ҚР Бас Прокурорының орынбасары.
2021 -2022 жж. ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) төрағасы.
2022 жылдың 25 ақпаннан бастап – ҚР Ішкі істер министрі.