"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қорының басшысы ауысты
Нұрлан Жақыпов 1978 жылы 31 наурызда дүниеге келген. 1996-2001 жылдары Ресей Федерациясы Сыртқы істер министрлігінің Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтында халықаралық экономикалық қатынастар факультетінде (экономика бакалавры, экономика магистрі, экономика ғылымдарының кандидаты) оқыды.
Премьер-министр Әлихан Смайылов Нұрлан Жақыповты таныстырды.
Үкімет басшысы қордың алдында инвестициялар тарту, энергетикалық кешенді дамыту, республиканың инфрақұрылымдық, көлік-логистикалық және индустриялық дамуын қамтамасыз ету бойынша ауқымды міндеттер тұрғанын атап өтті. Сонымен қатар қор отандық тауар өндірушілерге белсенді түрде қолдау көрсетіп, қолайлы жағдай жасауға тиіс. Бұл ұлттық экономиканың орнықты даму жолында нығаюына мүмкіндік береді.
"Әр еншілес компания мен холдинг жұмысының басым бағыттары және KPI айқындалған, перспективалы міндеттер түсінікті. Қор – біздің елімізде үлкен активтерді басқаратын өте маңызды құрылым. Қордың тиімді жұмысына көп мәселе, әсіресе, бүкіл экономикаға және еліміздің одан әрі дамуына әсер ететін ірі жобалар байланысты болып отыр", — деді Әлихан Смайылов.