Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстан Әзірбайжан мен Армения қарым-қатынасын дипломатиялық жолмен реттеудің жақтаушысы – Тоқаев

Ильхам Әлиев, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.04.2023 18:29 Сурет: akorda.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Әзірбайжан мен Армения арасындағы қарым-қатынасты дипломатиялық жолмен реттеудің жақтаушысы екенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстан мен Әзірбайжан түрлі көпжақты құрылымдар шеңберінде жемісті өзара байланыста болып келеді, көптеген өзекті халықаралық және өңірлік мәселелер бойынша ұқсас ұстанымдарға да ие. 

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Әзербайжан мен Армения арасындағы келіспеушіліктерді дәстүрлі түрде дипломатиялық жолмен реттеуді жақтайтынын, сондай-ақ тараптардың бейбітшілік шартын тезірек жасау жөніндегі күш-жігерін құптайтынын атап өтті. 


"Жалпы, өңірде тұрақтылық пен қауіпсіздікті нығайту үшін өзара қолдауды жалғастыру және бірлескен шаралар қабылдау қажеттігі туралы пікірлеріміз ортақ", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев


Өз кезегінде Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев құрмет көрсеткені үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа ризашылығын білдіріп, Қазақстанға жасаған ресми сапарының қорытындысына көңілі толатынын жеткізді.


"Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы, мен Қазақстанда өз үйімде жүргендей сезінемін және жиі келемін. Қазақстан Президентін қоғамның барлық саласын қамтитын реформаларды сәтті жүзеге асыруымен құттықтағым келеді. Сондай-ақ бауырлас елді дамыту ісінде табыс тілеймін. Біздің өңірде бейбітшіліктің сақталуын көздейтін Қазақстанның ұстанымы зор құрметке лайық. Қазақстанның халықаралық аренадағы беделін, аса маңызды жаһандық мәселелер жөніндегі салмақты ұстанымын ерекше атап өткім келеді. Қазақстан әлемдік қоғамдастықта үлкен құрметке ие. Мен өз тарапымнан Әзербайжанда Сізді құрметтейтін, бағалайтын бауырларыңыз тұрады деп тағы да айтқым келеді. Біз Қазақстанның көрсеткен және көрсетіп келе жатқан тілеулестігі үшін ризашылығымызды білдіреміз. Бауырлас Қазақстан халқына деген туыстық сезімді арттыра беру үшін бәрін жасаймыз", – деді Ильхам Әлиев.

Қасым-Жомарт Тоқаев 10 сәуірде Әзірбайжан Президенті Ильхам Әлиевпен Ақордада кездесті.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: