Жаңалықтар тізбегі
0

Биыл елімізде 10 энергоблок, 49 қазандық және 54 турбинаны жөндеу жоспарланған

Биыл елімізде 10 энергоблок, 49 қазандық және 54 турбинаны жөндеу жоспарланған, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.04.2023 10:42 Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
11 сәуірдегі үкімет отырысында Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев жүйелік оператор бекіткен кестеге сай биыл қай электр станцияларында жөндеу жоспарланғанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Министрдің сөзінше, электр станцияларында биыл 10 энергоблокты, 49 қазандықты және 54 турбинаны жөндеу жоспарланған.

"Қазір жөндеу 1 энергоблокта, 2 қазандықта және 3 турбинада жүргізіліп жатыр. Қарағанды, Маңғыстау облыстарында электр станцияларының негізгі жабдықтарын жөндеуді бастау мерзімдерінің сақталмаған". Алмасадам Сәтқалиев

Сонымен қатар ол электр желілері бойынша жалпы ұзындығы 25 мың км электр беру желілерін, 564 жоғары вольтты қосалқы станцияларды жөндеу жоспарланғанын атап өтті. Электр желілерін жөндеу мамыр айында бекітілген кестеге сай басталады.

Алдағы 2023-2024 күзгі-қысқы кезеңге сәтті дайындық үшін мыналар жоспарланған:

  • жөндеуді қажет көлемде қаржыландыруды қамтамасыз ету;
  • жоспарланған жөндеудің көлемін, оның ішінде ғимараттар мен құрылыстар бойынша қысқартуға жол бермеу;
  • энергия көздерінде отынның және қосалқы бөлшектердің нормативтік қорын жасау;
  • қызметкерлермен апатқа қарсы жаттығулар өткізу қажет.


"Энергетика министрлігі орталық және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, өңірлердегі жылу маусымына дайындық барысын бақылау жөніндегі жұмысты жалғастырады", - деді министр.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: