Жаңалықтар тізбегі
0

Халық та, президент те бізден осыны күтеді: Қошанов мәжілістің маңызды міндеттері туралы

Халық та, президент те бізден осыны күтеді: Қошанов мәжілістің маңызды міндеттері туралы, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.04.2023 10:46 Сурет: Zakon.kz
Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов бүгінгі мәжілістің жалпы отырысында президент айтқан мәселелерге тоқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов елдегі оң өзгерістердің түпкі мақсаты мен мәні азаматтардың тұрмыс сапасын жақсартуға мәжіліс те белсене ат салысуы керек екенін айта кетті.

"Кеше мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен үкіметтің кеңейтілген отырысы өтті. Оған өздеріңіз де қатыстыңыздар. Бұл – елдегі саяси өзгерістерден кейін болған ең ауқымды кеңес. Кеңейтілген отырысқа алғаш рет парламенттік фракциялары мен комитет жетекшілері, облыстық және аудандық мәслихаттың төрағалары қатысты. Жиында президент әлеуметтік-экономикалық саладағы мақсат-міндеттерді жан-жақты айқындап берді. Халқымыз қолға алынған рефомаларды зор үміт артып отырғанын, нақты іс-шараларға басымдық беру қажетін баса айтты. Елдегі оң өзгерістердің түпкі мақсаты мен мәні азаматтардың тұрмыс сапасын жақсарту, бұл іске біз де белсене ат салысуға тиіспіз". Ерлан Қошанов

Мәжіліс төрағасының айтуынша, мәжілістің алдында үш маңызды міндет тұр. Олар:

  • Біріншіден, реформаларды заңнамалық тұрғыда қамтамасыз ету – біздің тікелей міндетеміз. Заңдар заман талабына, қоғам сұранысына сай әрі сапалы болуы қажет.
  • Екіншіден, парламентте, мәслихаттарда ең әуелі сайлаушылардың мүддесі ескеріліп қорғалуы керек. Бұған кеше президент те ерекше тоқталды.
  • Үшіншіден, атқарушы билікпен конструктивті диалого орнатып, барлық түйткілді мәселені талқылап, жедел шешуді тәжірибеге, дәстүрге айналдыру қажет. Бұл билік тармақтарының үйлесімді жұмыс істеуіне жол ашады.


"Алдымызда зор міндеттер тұр. Айналып келгенде депутаттардың нағыз кәсібилігі енді көрінеді. Ол үшін біз үкіметтен ғана күтіп отырмай, қажет заңнамалық өзгерістерге өзіміз қорғаушы, бастамашы болуымыз қажет. Күн тәртібіндегі өткір мәселелерге дер кезінде сауатты, ең бастысы асқан жауапкершілікпен үн қата білуіміз керек. Сайлаушылар және қоғаммен күнделікті, үздіксіз, тығыз жұмыс істеуге тиіспіз. Оған біздің тәжірибеміз де, мүмкіндігіміз де жеткілікті. Сондықтан алға қойған мақсат-міндеттерді табысты іске асыру үшін біз бар күш-жігерімізді салайық, әріптестер. Халық та, мемлекет басшысы да бізден осыны күтіп отыр".Ерлан Қошанов
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: