Жаңалықтар тізбегі
0

Қарақат Әбден үкіметтен ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге қолдау көрсетуді сұрады

Қарақат Әбден үкіметтен ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге қолдау көрсетуді сұрады, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.04.2023 13:32 Сурет: Facebook/Karakat Abden
Депутат Қарақат Әбден "Ауыл» партиясы фракциясының депутаттары атынан ҚР премьер-министр Әлихан Смайыловқа жолдаған сауалда ауыл шаруашылығының дамуына баса көңіл бөлуді сұрады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қарақат Әбденнің сөзінше, онсыз да саны жыл сайын азайып жатқан ауылдар қаңырап қалмасын десек, ауыл шаруашылығының дамуына баса көңіл бөлуіміз қажет. "Ауыл жағдайы құлдыраса қазақтың да жағдайы мүшкіл болмақ" деді ол.

"Осы орайда ауыл шаруашылығын дамытудың бірден-бір жолы – ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге қолдау көрсету. Бұның барлығы түптеп келгенде еліміздегі ең өзекті мәселелердің бірі – азық-түлік тауарларының қымбаттауына әкеп соғып жатыр. Бұл мәселені "Ауыл" партиясының фракциясы ауыл шаруашылығын тұрақты дамыту бағдары арқылы шешуді ұсынады". Қарақат Әбден

 Депутат "Ауыл – ел асыраушысы" дегенмен те, іс жүзінде бәрі басқаша екенін қоса кетті. Сонымен қатар "Ауыл" партиясының фракциясы мынадай ұсынысты жолдайтынын айтты:

Ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерді салықтар мен төлемдердің барлық түрінен босату. Оның ішінде, ауыл шаруашылығы өнімін шығару, қайта өңдеу, өткізу, экспорттау, импорттау бойынша айналымдарды қосылған құн салығынан да босату. 

"Осыған байланысты салықтың екі түрлі қызметі бар екенін еске салғым келеді. Оның бірі фискалды болса, екіншісі – ынталандырушы. Көп жағдайда ынталандырушы қызмет ескерусіз қалады. Ал оның басты мақсаты – ел экономикасын дамыту.

Депутат соынмен қатар бірқатар дәйектерді мысалға келтірді. Мысалы, еліміздің тұтас ауылшаруашылық саласы, соның ішінде ірі агрохолдингтер барлық салықты қоса алғанда жылына шамамен бар-жоғы 50 млрд теңге салық төлейді. Бұл еліміздің бюджетіне түсетін барлық салық түсімінің 0,5%-ына да жетпейді.

"Біздің ойымызша, ел экономикасы мұндай салық жетіспеушілігін көтере алады. Ал дәл осы салықтан босату шарасы ауыл шарушылығының тұрақты дамуына және сол арқылы шығынның кіріс ретінде мемлекеттік қазынаға еселеніп қайтуына оң ықпал етеді деп есептейміз. Кейінгі үш жылда ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер осы мәселемен айналысатын құзырлы органдарға 200-ден астам өтініш тілектер жолдаған. Ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілердің тасы өрге домаласа, ауылдардың да тіршілігі кеңге қанат жаяды". Депутат Қарақат Әбден

Депутаттар Әлихан Смайылов жоғарыда баяндалған мәселені тиісті мемлекеттік органдар  қарастыруына және шешім қабылдануына ықпал жасауын сұрады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: