Жаңалықтар тізбегі
0

Мүгедектігі бар қазақстандықтар енді өз құқығын халықаралық деңгейде қорғай алады

Мүгедектігі бар қазақстандықтар енді өз құқығын халықаралық деңгейде қорғай алады, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.04.2023 12:14 Сурет: Zakon.kz
ҚР парламенті мәжілісінің депутаттары жалпы отырыста «Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияға Факультативтік хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасын қарап, қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстанның оған қосылуы мүгедектердің құқықтарын қорғау деңгейін арттыруға және елде инклюзивтілік қағидатын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Құжат олардың әлеуметтік интеграциясына және мүгедектікке байланысты кемсітушілікті жоюға бағытталған.

Құжатты мәжіліс депутаттарына ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова таныстырды. Ол аталған заң жобасын қабылдау мемлекеттің мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз етуге және олардың бұзылуын болдырмау бойынша тиімді шаралар қабылдауға деген шешімін білдіретінін атап өтті.

"Бүгінде елімізде мүгедектігі бар азаматтар саны 700 мыңнан асты. Оның 59%-ы еңбекке қабілетті жастағы азаматтар, 14,7%-ы балалар. Бұл санаттағы азаматтарымыздың өмір сүру сапасын жақсарту, оларды қоғамға қайта реинтеграция жасау – үкіметтің күн тәртібіндегі өзекті мәселелердің бірі. Факультативтік хаттаманы ратификациялау кезінде елдер БҰҰ Мүгедектердің құқықтары жөніндегі комитетінің Конвенция бойынша олардың құқықтары бұзылды деп мәлімдейтін жеке тұлғалардың немесе топтардың шағымдарын қарау құзыретін тануға келіседі", – деп атап өтті министр.

Қазақстан «Мүгедектердің құқықтары туралы» конвенцияға және оған қатысты Факультативтік хаттамаға 2008 жылғы желтоқсанда қол қойып, 2015 жылы Конвенцияны ратификациялағаны белгілі. Осылайша, Қазақстан халықаралық стандарттарға сәйкес мүгедектігі бар азаматтардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз етуге міндеттеме алды.

Министрдің айтуынша осы жылдары осы санаттағы азаматтардың құқықтарына қатысты заңдарға өзгерістер енгізілді, ҚР-да 2025 жылға дейін мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі Ұлттық жоспар қабылданды. Бүгінгі күні оны іске асырудың 1-ші кезеңі аяқталып, 2019 жылдан бастап 2-ші кезеңнің іс-шаралары іске асырылуда.

Тамара Дүйсенова өткізілген іс-шаралардың негізгілеріне тоқталды.

"Мүгедектікті белгілеу рәсімі «бір терезе» қағидаты бойынша жұмыс істейтін проактивті форматқа кезең-кезеңімен көшіріледі, бұл медициналық-әлеуметтік сараптама жұмысының ашықтығын және сыбайлас жемқорлықты жоюды қамтамасыз етеді", – деп атап өтті Еңбек министрі.

Бұдан басқа, мәжілісмендерге жергілікті әкімдіктердің сатып алу мен бөлудің орталықтандырылған механизмінің орнына Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы іске асырылатын жеке қажеттіліктерге байланысты әлеуметтік қызметтер түрін, тауарлар мен өтемдік техникалық құралдарды таңдау тетігі ұсынылды.

"Мемлекеттен базалық жәрдемақыны, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдерді және сақтандыру компанияларынан жұмыс берушінің міндетті жарналары есебінен сақтандыру төлемдерін қамтитын мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қамсыздандырудың көп деңгейлі жүйесін енгізу толығымен аяқталды", – деп атап өтті Тамара Дүйсенова.

Факультативтік хаттаманы ратификациялау БҰҰ Мүгедектердің құқықтары жөніндегі комитетінің мүгедектігі бар адамдардың жеке хабарламаларын (шағымдарын) қабылдау және қарау құзыретін тануды білдіреді. Хаттамаға сәйкес, мүгедектігі бар азаматтар Конвенцияның ережелері бұзылған жағдайда осы Комитетке хабарламамен немесе шағыммен жүгіне алады. Егер келіп түскен шағым немесе хабарлама бойынша Конвенцияда бекітілген құқықтардың едәуір немесе жүйелі түрде бұзылғанын көрсететін дұрыс ақпарат алынса, онда Комитет өз ұсыныстары мен ұсынымдарын тиісті қатысушы мемлекетке және өтініш берушіге жібереді.

Біріккен Ұлттар Ұйымының шарттық органдарының ұсынымдарын қарау тәртібі Бас прокуратураның, Әділет және Сыртқы істер министрліктерінің (2022 жылғы 1 ақпандағы «Қазақстан Республикасы құзыретін мойындаған адам құқықтары жөніндегі шарттық органдардың сұрау салулары мен пайымдауларын қараудың кейбір мәселелері туралы») бірлескен бұйрығымен регламенттелген.

Әрекет алгоритмі мынадай:

  1. ұсыным Сыртқы істер министрлігіне келіп түседі;
  2. Министрлік оны Бас прокуратураға жолдайды;
  3. Бас прокуратура уәкілетті органдармен бірге ұсынымға құқықтық талдау жасап, өз ұйғарымын Әділет министрлігіне жібереді;
  4. Әділет министрлігі бұл ұйғарымды ведомствоаралық комиссияда қарап, шешім шығарады;
  5. Әділет министрлігі осы шешімге сәйкес Қазақстанның ұстанымын Комитетке жеткізетін болады.
  6. БҰҰ Мүгедектердің құқықтары жөніндегі комитетінің ұсынымдарын қарайтын мемлекеттік органдардың бірлескен іс-қимыл алгоритмін бекіту конвенцияға Факультативтік хаттаманы ратификациялаудың толық мүмкіндігін куәландырады.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: