Жаңалықтар тізбегі
0

Тоқаев: Әлеуметтік кодекс – мемлекет пен азаматтар арасындағы қарым-қатынастың жаңа үлгісін қалыптастырады

Әлеуметтік кодекс, Қазақстан халқы Ассамблеясы, Қазақстан президенті. «Әділетті Қазақстан: бірлік, тұрақтылық, даму» атты ХХХІІ сессия, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.04.2023 12:07 Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 27 сәуір күні Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті сессиясында әлеуметтік салада жүргізіліп жатқан өзгерістерге тоқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Президент жақында Әлеуметтік кодекске қол қойғанын еске салып, мұндай маңызды құжат ТМД мемлекеттері ішінде алғаш рет қолданысқа енгізіліп отырғанын атап өтті.

"Бұл кодекс еліміздің жаңа әлеуметтік саясатын айқындайды, мемлекет пен азаматтар арасындағы қарым-қатынастың мүлде жаңа үлгісін қалыптастырады. Сондай-ақ жаңа әлеуметтік келісімнің негізін қалайды. Бір сөзбен айтқанда, жаңа кодекс бүгінгі күннің талаптарымен мейлінше үндеседі", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Оның сөзінше, сол сияқты этносаясат та мемлекеттің басымдықтарына толық сай келуі керек.
Сондай-ақ Президент Ассамблеяның саяси партиялармен және мемлекеттік органдармен өзара қарым-қатынасын күшейту керек екенін айтты.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: