Жаңалықтар тізбегі
0

2022 жылдың қорытындысы бойынша азық-түлік өндірісі көлемі 3,9% өсіп, 2,9 трлн теңге болған

2022 жылдың қорытындысы бойынша азық-түлік өндірісі көлемі 3,9% өсіп, 2,9 трлн теңге болған, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.05.2023 11:19 Сурет: primeminister.kz
Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев үкімет отырысында азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету жоспары туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Министр келтірген дерекке сай, жалпы 2022 жылдың қорытындысы бойынша азық-түлік өндірісінің көлемі 3,9% өсіп, 2,9 трлн теңге болды. Бұл ретте азық-түліктің негізгі түрлерін: өсімдік майы, ұн, макарон өнімдері, жарма, шұжық өнімдері мен қантты өндіру бойынша өсім байқалады.

"Сонымен қатар өндірісі төмендеген бірқатар өнімдер бар және олар негізінен сүт өнімдері: сары май, сүт, ірімшік және сүзбе, ашытылған сүт өнімдері. Көкөністердің негізгі түрлері бойынша біз ішкі нарықтың қажеттілігін толық қамтамасыз етеміз. Мысалы, 2022 жылы 4,1 млн тонна картоп, 621 мың тонна сәбіз, 1,1 млн тонна пияз және 551 мың тонна қырыққабат өндірілді". Ербол Қарашөкеев

Жеміс-көкөніс өнімдерін өндірудің едәуір көлеміне қарамастан, қыс-көктем кезеңінде сақтау қуаттылығының жетіспеуіне байланысты нарықта отандық көкөністер ұсынысының төмендеуі байқалады. Бұл нарықта импорттық өнімнің өсуіне және маусымаралық кезеңде бағаның өсуіне әкеледі.


"Бұл мәселенің шешімі - көкөністерді сақтау қуатын арттыру. Бұл отандық өнімнің бір бөлігін маусымаралық кезеңде сақтауға және сатуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар мемлекеттік қолдауды реформалау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыс шеңберінде өнімнің тауарлық сипатын сақтай отырып ұзақ мерзімді сақтауды қамтамасыз ететін арнайы жабдықтары бар заманауи қоймаларды салу кезінде инвестициялық салымдарды өтеу үлесін 25%-дан 50%-ға дейін арттыру жүргізіліп жатыр", - деді Ауыл шаруашылығы министрі.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: