Жаңалықтар тізбегі
0

Әлихан Смайылов өткен 2 аптада азық-түлік бағасының өсуі тіркелмегенін айтты

Әлихан Смайылов өткен 2 аптада азық-түлік бағасының өсуі тіркелмегенін айтты, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.05.2023 12:38 Сурет: primeminister.kz
Әлемдегі геосаяси жағдайдың шиеленісуі және өнімдер мен шикізатты жеткізудің жаһандық тізбектерінің бұзылуына байланысты былтыр Қазақстан азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің 2022-2024-жылдарға арналған жоспарын қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Онда егіс алқаптарын ұлғайту және негізгі ауыл шаруашылығы дақылдарының түсімін арттыру көзделген. Сонымен қатар мал басын өсіруге және мал шаруашылығының өнімділігіне баса назар аударылып отыр. Жалпы өткен жылы ауыл шаруашылығы өнімдерін ұлғайту және егіс алқаптарының көлемін арттыру есебінен еліміздің агроөнеркәсіптік кешені дамудың оң серпінін көрсетті. Бұл туралы үкімет отырысында премьер-министр айтты.

"Мысалы, ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 9%-ке ұлғайып, 9,3 трлн теңге болды. Өсудің негізгі факторы болған өсімдік шаруашылығында өнім өндіру көлемі 15%-ке артты. Жоспарды іске асырумен бірге, делдалдық схемалардың жолын кесу, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасына мониторинг жүргізу және нарықтық реттеу шаралары белсенді түрде іске асырылып жатыр. Қабылданған шаралар оң нәтиже берді. Өткен 2 апта ішінде негізгі азық-түлік бағаларының өсуі тіркелген жоқ. Агроөнеркәсіп саласында бірқатар жобалар бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде. Атап айтқанда, өндірісті одан әрі әртараптандыру үшін 65 тауарлы-сүт фермасы іске қосылады". Әлихан Смайылов

Сонымен қатар ол азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету жоспарын орындау бойынша жұмысты жалғастыру қажет екенін айтты.

Осыған байланысты премьер-министр мына мәселелерге назар аударды:

  • Ауыл шаруашылығы министрлігі Сауда министрлігімен және өңір әкімдіктерімен бірлесіп, нарықтың нақты қажеттілігін ескере отырып, Жаңа көкөніс қоймаларын салу және қолданыстағы қоймаларды жаңғырту бойынша Кешенді жоспарды өзектендіруі қажет.
  • Ауыл шаруашылығы министрлігі өңір әкімдіктерімен бірлесіп, барынша қысқа мерзім ішінде субсидиялаудың онлайн-платформасының тиісті жұмысын қамтамасыз етуі керек.
  • Сауда және интеграция министрлігі жергілікті атқарушы органдармен, «Қазақстан Темір Жолы» компаниясымен бірлесіп, маусым айының соңына дейін әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының қажетті өнімдерін сатып алуды, оның ішінде көрші елдерден әкелеуді қамтамасыз етсін.
  • Ауыл шаруашылығы министрлігі «Азық-түлік корпорациясының» жұмысын еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыруды қамтамасыз етуге бағыттай отырып, қайта құруы керек.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: