Қазақстан мен Қасиетті Тақ қарым-қатынасы туралы келісім толықты
Аталған келісімге Рим Папасы Францисктің Қазақстанға былтырғы іссапары (2022 жылғы 14 қыркүйекте) барысында қол қойылды.
Аталған шарт:
- Католик Шіркеуі қызметшілерінің санатын (архиепископ, епископ, апостол әкімшісі, діни қызметкер және басқаларының);
- тиісті субъектілерді (Архиепархия, Епархия, монастыр, семинария, колледждер, мектептер және басқалары);
- және құзыретті органдарды (шіркеу қызметшілері, Католик Шіркеуінің басшылары) нақтылайды.
- Тұрақты тұру тәртібі жеңілденеді.
Атап айтқанда, банк шотында ақша болуын (1320 айлық есептік көрсеткіш – 4,5 млн. теңге) және тұратын жерін растау туралы талаптар алынып тасталады. Олардың орнына Католик Шіркеуінің жазбаша растауы жеткілікті болады. Аталған ұсыныстар конфессия-аралық келісімді нығайтуға, халықаралық деңгейде еліміздің құқықтық мемлекет ретінде абыройын арттыруға септігін тигізеді.
Католик шіркеуі мүшелеріне төлем қабілеттілігін растаусыз Қазақстанда тұрақты тұруға рұқсат етіледі. Бұл мүмкіндік католик шіркеуінің кез келген субъектілеріне қызмет ету үшін ұзақ уақытқа шетелден келген дін қызметкерлеріне беріледі. Бұл мәселелер 1998 жылғы 24 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы мен Қасиетті Тақтың арасындағы қатынастар туралы келісімге Қосымша келісіммен реттеледі.
Құжат төлем қабілеттілігін және тұрғылықты жерін растауға қойылатын талаптарды католик шіркеуінің құзыретті органының жазбаша міндеттемесіне ауыстыруды қарастырады. Заң жобасын бүгін Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар ратификациялады.
Құжат ҚР парламенті сенатының қарауына енгізілді.
«Қазақстан Республикасы мен Қасиетті Тақ арасындағы қатынастар туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына мемлекет басшысы 2012 жылғы 18 қазанда қол қойған.