Жаңалықтар тізбегі
0

Мәжіліс заңнамалық актілерге электр самокаттарға қатысты өзгерістер енгізді

Мәжіліс заңнамалық актілерге электр самокаттарға қатысты өзгерістер енгізді, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.05.2023 11:28 Сурет: Zakon.kz
10 мамырда мәжіліс «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жол жүрісін ұйымдастыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Заң жобасы екі жыл бұрын әзірленген. Алайда электр самокаттарға қатысты техникалық регламент тек 2022 жылдың шілдесінде қабылданды. Депутаттар электр самокаттардың жүрісін реттеу бойынша алғашқы түзетулер топтамасын ұсынды.

Жобаға сәйкес:

  • электр самокаттар көлік құралы ретінде танылады;
  • жүру жылдамдығы сағатына 25 километрге дейінгі көлік құралдары электр самокаттарға жатады.
  • Электр самокаттар велосипед жолдары мен жол жиектерінде шектеусіз жүре алады.
  • Тротуарларда сағатына 6 километрден аспайтын жылдамдықпен жүруге рұқсат етіледі.
"Бұл тәсіл - көліктің жаңа түрін иеленушілер мен жаяу жүргіншілер үшін ең қолайлы шешім. Тротуардағы жылдамдықты шектеу – жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Шектеулерді басқару қиын. Бірақ мұндай жылдамдық шамамен жаяу жүргіншілер легінің жылдамдығына тең. Және ол сырттай көзбен шолып анықталады". Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің хатшысы Екатерина Смышляева

Электр самокаттың жолдың жүру бөлігінің оң жақ шетімен, оның ішінде автобус жолағымен бір қатарда жүруіне жол беріледі. Алайда бұл үшін жүргізуші 18 жасқа толуы және шлем киюі керек. Және үстінде жарық шағылыстыратын киім мен кез келген санаттағы жүргізуші куәлігі болуы қажет. Жолдың жүру бөлігіне шығатын жүргізушілерге қойылатын талаптар – авариялық жағдайлардың алдын алу мақсатында енгізілді. Өйткені жол жүрісі қағидаларын білмеу – көлік құралының конструкциясын ескерсек, қиын жағдайға алып келуі мүмкін.

Электр самокатта жүктер мен жолаушыларды тасымалдауға тыйым салынады. Электр самокат жүргізушілер жол қиылыстары мен жаяу жүргіншілер өткелдерінен жаяу өтуі керек.

"Жалпы көліктің осы түрін дамытудағы проблемалардың бірі – арнайы бөлінген жолдар мен жолақтар түріндегі қалалық инфрақұрылымның болмауы. Жекеменшік электр самокаттардың көбеюін, Қазақстан нарығында кикшеринг сервисінің пайда болуын ескерсек, осындай көлікке бейімделмеген, бұрыннан бар инфрақұрылымға түсетін жүктеме жақын арада артады. Сондықтан біз қала кеңістігін жоспарлауға, шерингтік компаниялардың жауапкершілігіне, көліктің жаңа түрін тіркеуге жергілікті атқарушы органдардың қатысуын қамтамасыз ету үшін реттеуші құралдардың екінші топтамасын әзірлеуге кірістік", - деді баяндамашы Екатерина Смышляева.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: