Жаңалықтар тізбегі
0

Депутат электронды темекілер мен "вейптерді" сатуға толық тыйым салуды қарастыруды сұрады

Депутат электронды темекілер мен вейптерді сатуға толық тыйым салуды қарастыруды сұрады, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.05.2023 12:09 Сурет: unsplash
10 мамырдағы мәжіліс отырысында депутат Нұргүл Тау премьер-министрге депутаттық сауал жолдап, қазір электронды темекіге тәуелділердің қарасы прогресивті жылдамдықпен артып жатқанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Нұргүл Тау Respublica партиясына мектеп оқушылары мен жастар арасында "вейп" атымен танымал электронды темекілердің жаппай таралуына және қолданылуына тыйым салу туралы көп өтініш түскенін атап өтті. Депутат Әлихан Смайыловтың осы күрделі мәселеге назарын аударуды сұрады. Нақтырақ:

1) депутаттық сауалда қойылған мәселелерді қарауға және елімізде вейптер мен оның басқа түрлерін сатуға толығымен тыйым салу мүмкіндігін қарастыруға;

2) электронды темекілердің, оның ішінде вейптердің жарнамасына тыйым салуға және осыған байланысты жауапкершілікті күшейтуге;

3) ҚР Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 29 наурыздағы №22 бұйрығына «Темекі бұйымдарын, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдарды, кальянға арналған темекіні, кальян қоспасын, темекіні жылытуға арналған жүйелерді, электронды тұтыну жүйелерін және олар үшін сұйықтарды орналастыруға және ашық көрсетуге тыйым салудың сақталуын тексеру туралы» тармақ қосу бөлігінде толықтыру енгізуге ұсыныс берді.

Өтініш білдірген ата-аналар құрамында никотині бар девайстардың таралуына және сатылуына түбегейлі қарсылық білдірген. Қазір әлемнің 32 елінде вейптерді сатуға тыйым салған. Олардың қатарында Дания, Норвегия, Уругвай, Аргентина, Панама, Бразилия, Мексика, Канада, Таиланд, Үндістан, Гонконг, Сингапур, Малайзия, Филиппин, Ливан, Қатар және тағы басқа елдер бар.


"Электронды темекіге тәуелділік балалар мен жастарды құқық бұзушылық пен қылмыс жасауға итермелейтін факторлардың бірі. Осының салдарынан оқу орындарында оқушылар, студенттер арасында буллинг белең алуда. Тәуелділік құрбаны болған жастар көп жағдайда электрондық темекіге немесе басқа мақсаттарына қол жеткізу үшін қылмысқа барады". Депутат Нұргүл Тау

ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің ресми деректеріне сәйкес, Қазақстанда 2022 жылы кәмелетке толмағандар 1735 қылмыс жасаған. Қылмыстық құқық бұзушылықтардың ішінде ұрлық - 782 факт, алаяқтық - 166, тонау - 154, ұсақ ұрлық - 93, бұзақылық - 81.


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: