Жаңалықтар тізбегі
0

Түркияда президент сайлауының екінші кезеңі өтеді

Түркияда президент сайлауының екінші кезеңі өтеді, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.05.2023 09:27 Сурет: Тwitter/anadoluagency
Түркиядағы президенттік сайлау додасында дауыстардың 96,15 пайызын санау қорытындысы бойынша бірде-бір үміткер 50 пайыз жинай алмаған. Бұл дауыс берудің екінші кезеңі өтеді деген сөз, деп хабарлайды Zakon.kz.

Anadolu агенттігінің хабарлауынша, Түркиядағы президенттік сайлауда дауыстардың 96,15 пайызы саналған кезде кандидаттар қажетті 50 пайызды жинай алмаған. Осылайша, сайлаушылардың 49,42 пайызы қазіргі президент Режеп Тайып Ердоғанға дауыс берді. Оның басты бәсекелесі Кемал Кылычдароғлу 44,88% дауыс жинады. Түркия заңына сәйкес, егер кандидаттардың ешқайсысы дауыстардың жартысынан көбін жинай алмаса, сайлаудың екінші кезеңі өтуі керек.

Дауыс берудің екінші кезеңі Түркияда 28 мамырға белгіленген.

Ал Анкарада жүздеген адам дауыс беру нәтижесін күтіп отыр.

Түркияда президент сайлауымен қатар парламент сайлауы да өтуде. Ол жерде дауыстарды санау 95 пайызды құрады. Алдын ала нәтижелер мынадай: биліктегі Әділет және даму партиясы – 49,47%, оппозициялық Республикалық халық партиясы – 34,09%.

Сайлау учаскелері жабылғанға дейін сайлау кезінде ешқандай заң бұзушылық болған жоқ. Бұл туралы 14 мамыр күні кешке Жоғары сайлау кеңесінің төрағасы Ахмет Энер мәлімдеді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: