Мәжілістің 2023 жылғы 15 мамырдағы жалпы отырысы
Сурет: senate.parlam.kz
15 мамырда Қазақстан Республикасы Парламенті мәжілісінің жалпы отырысы өтіп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.
Депутаттар Үкіметтің және ҚР Жоғары аудиторлық палатасының 2022 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептері бойынша әзірленген қорытындыны қарайды.
Бұған қоса депутаттар мына заң жобалары бойынша қорытынды әзірлейді:
- Онлайн-платформалар және онлайн-жарнама туралы;
- ҚР кейбір заңнамалық актілеріне онлайн платформалар және онлайн-жарнама мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы;
- ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне онлайн-платформалар және онлайн-жарнама мәселелері бойынша толықтырулар енгізу туралы;
- Еуразиялық қайта сақтандыру компаниясын құру туралы келісімді ратификациялау туралы.
"ҚР кейбір заңнамалық актілеріне ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдарындағы қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын қарайды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript