Премьер-министр Әлихан Смайылов "Еуропалық Одақ – Орталық Азия" форумына қатысу үшін Алматыға келді
Сурет: primeminister.kz
Бүгін, 19 мамыр күні ҚР премьер-министрі Әлихан Смайылов Алматыда өтіп жатқан "Еуропалық Одақ – Орталық Азия" екінші экономикалық форумына қатысады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Үкіметтің баспасөз қызметінің мәліметінше, форумның панельдік сессиялары аясында екі өңірдің экономикалық қарым-қатынасын нығайтудың өзекті мәселелері талқыланып жатыр.
Оның ішінде:
- кәсіпкерлер арасындағы сауда байланыстарын дамыту;
- мультимодальды жүк тасымалдарын жүзеге асыру;
- сауда маршруттарының инфрақұрылымын жаңғырту;
- коммерциялық операцияларды жүргізу саласында цифрлық шешімдерді енгізу;
- мемлекеттік реттеу және т.б. бар.
Сурет: primeminister.kz
Жоғары деңгейдегі сессияға Қырғызстан, Тәжікстан премьер-министрлері, Түрікменстан және Өзбекстан үкіметтерінің ресми өкілдері, Еурокомиссия, Еуропа елдері мемлекеттік органдарының және халықаралық қаржы ұйымдарының басшылары, іскер топ өкілдері және т.б. қатысады.
Форум аясында Қазақстан Үкіметінің басшысы бірқатар екіжақты кездесу өткізеді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript