Жаңалықтар тізбегі
0

Киікті қорғаймыз ба әлде киіктен адамды қорғаймыз ба – депутат

Киікті қорғаймыз ба әлде киіктен адамды қорғаймыз ба – депутат, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.05.2023 13:51 Сурет: wikimedia
"Ауыл" партиясы фракциясының депутаты Аян Зейнуллин мәжіліс отырысында киіктерге қатысты мәселені реттеуді ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Депутаттың сөзінше, қазір жағдай мүлде басқаша болып тұр. Оған себеп - киік санының күрт көбеюі. Бұл шаруашылыққа жайлы емес.

"Кейінгі мәліміттерде киік саны 2 миллионнан асқаны айтылады. Оның 90%-ы Қазақстанның батысында. Негізінде салалық министрліктің есебі бойынша киіктердін саны 750-770 мыңнан аспауы керек еді. Жайылым жердің өзін айтпағанда, шаруа қожалықтары маңдай терімен еккен егістіктерді киіктер тобы бір таптап өткенде-ақ миллиондаған қаржыcы желге ұшады", - деді Аян Зейнуллин.

Мысал ретінде ол Қазақстанның солтүстігінде жылына 150 мыңдай гектар егін алқабы бүлінетінін айтты. Орта есеппен 1 гектардан 10 центнер өнім зая кетсе, сол өңірдің шаруалары 14 млрд теңге шығынға ұшырайды.

"Несие қайтара алмаған шаруалар банкрот болып жатыр. Бұндай жағдайда үкіметтің жайбасарлығы таңғалдырады. Киіктен зардап шегіп отырған 6 облыстын шаруалары қауқарсыз болып отыр". Депутат

Сонымен қатар түрлі себеппен өліп жатқан киіктер де бар. Сол қараусыз тегін жатқан дүниеге ауыл жұрты көз салады дейді Аян Зейнуллин. Кәдеге жаратпаса да, қабырғаны безендіремін деген оймен өліп жатқан киік мүйізін кесіп алғандар сотталып жатыр. Оның ішінде білместік жасаған жасөспірімдер де бар.


"Бұл жерде заң бұзушыларды жақтап жатқанымыз жоқ. Мәселені осындай деңгейге дейін жеткізбеу керек. Бұл жерде киіктің емес адамның обалына қалатын сияқтымыз.. Сонымен қатар өліп жатқан киіктер түрлі ауру ошағына айналады. Шаруалардың малы сол жерде жайылатындықтан оларға ауру жұғып, эпизоотиялық ахуал ушығады. Қазақстанға киік мәселесімен қаншама шетелдік эксперттер келгенімен ешқандай нақты қадам жоқ. Қазақстанның ең бірінші байлығы – халқы! Осы ретте дәл қазір киікті қорғаймыз ба, әлде киіктен адамды қорғаймыз ба? Тез арада киік популяциясын реттеп, мүмкін оны өндірістік жолға қойып, мүйізін, етін, терісін дұрыс пайдаланып, кәдеге жаратқан дұрыс шығар? Егер үкімет киік қарғысынан қорықса, шаруалардың шығынын толық өтеп беру механизмін енгізу керек. Бұл мәселеде нақты шешім керек". Депутат Аян Зейнуллин

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: