Жаңалықтар тізбегі
0

Тоқаев форумдағы сөзінде ЕАЭО мен Қытайдың қарым-қатынасына тоқталды

Форум, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.05.2023 21:30 Сурет: kremlin.ru
Мәскеудегі Еуразиялық экономикалық форумда сөйлеген сөзінде Қазақстан Президенті Одақтың негізгі саяси және экономикалық серіктесі – Қытай Халық Республикасымен тиімді өзара байланыс құру маңыздылыққа ие болып келе жатқанын атап өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тоқаев Қытайдың бір мезгілде ірі жүк жөнелтуші және ірі тұтынушы болып табылатынын еске салды.

"Өткен аптада ғана бұл елге мемлекеттік сапармен болдым, оның аясында біз Сиань құрғақ портында Қазақстанның логистикалық орталығы құрылысын ресми іске қостық. Аталған порт Орталық Азияға, Еуропаға, Түркияға және Иранға тікелей контейнерлік пойыздарды жөнелтуші негізгі хаб болады деп ойлап отырмыз". Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев

Сондай–ақ, Бақты-Аягөз учаскесінде жаңа теміржол желісі іске қосылмақ, ҚХР-ға шекара өткел терминалын салу арқылы. Президенттің айтуынша, бұл ретте Қазақстан Ресеймен жемісті ынтымақтастық құруға ниетті, өйткені жоба ҚХР-ға тек Қазақстаннан ғана емес, Батыс Сібірден де тауарларды жеткізуде арақашықтық пен уақытты айтарлықтай қысқарта алады.

"Нысаналы инфрақұрылымды дамытудан бөлек өзге инфрақұрылымды да құруға, яғни цифрландыруға, кедендік әкімшілендіруді жеңілдетуге және әкімшілік жүктемені азайтуға ерекше назар аудару аса маңызды. Жалпы, біз қазір бұған дейін болмаған Еуразияның жаңа көліктік дәлізінің каркасын құрып жатырмыз деп айтуға болады".


Мемлекет басшысының айтуынша, егер осы мәселені мұқият және бірлесе қарастырсақ, одан айтарлықтай экономикалық және саяси дивидендтер алуға болады.

"Осы тұрғыдан алғанда, бізде толыққанды және сындарлы халықаралық ынтымақтастықтың қаншалықты маңызды екендігі туралы жалпы түсінік бар деп ойлаймын". Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев

Президент Қытаймен, Үндістанмен, Вьетнаммен, Иранмен, Мысырмен, Израильмен, Сербиямен және басқа серіктес елдермен белсенді өзара байланыс Одақтың жетілуінің және оның сауда-экономикалық тартымдылығының маңызды көрсеткіші болып табылатынын атап өтті.

Бұған дейін Тоқаев ЕАЭО инфрақұрылымын дамыту аса маңызды басымдықтардың бірі болып қала беретінін айтқан болатын.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: