Президент ЕАЭО елдерінің логистикалық мүмкіндіктерін жақсартатын ұсынысты алға тартты
Сурет: gov.kz
Мәскеудегі Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ЕАЭО елдерінің логистикалық мүмкіндіктерін жақсарту жөнінде ұсынысты алға тартты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Президенттің айтуынша, Иран мен Түрікменстанның теңіз және құрғақ порттарындағы инфрақұрылым құрылысына бірлесе инвестиция құю мүмкіндіктерін қарастыруға болады.
"Бұл одаққа мүше мемлекеттердің экспорт жағрафиясын едәуір кеңейтіп, біздің логистикалық мүмкіндіктерімізді нығайта түседі. Нысаналы инфрақұрылымды дамытумен қатар тауарлар транзитінің жалпы цифрлық жүйесін құру бойынша нақты шешімдерді әзірлеу өте маңызды. Ол сенімді, бірақ пайдалануға оңай және озық цифрлық технологияларға негізделуі керек". Қасым-Жомарт Тоқаев
Президент электронды пломбаларды пайдалану, жедел ақпарат алмасудың кепілді жүйесі, сондай-ақ "Е-терезе" жүйесін дамыту мәселелерін шешу керектігін де баса атап өтті.
"Бұл шаралар тауар ағынын жеделдетіп, жеткізу тізбегін оңтайландыратын ортақ цифрлық мультимодальды дәліз құруға мүмкіндік береді", деп атап өтті Тоқаев.
Отырыста Мемлекет басшысы Қазақстан Еуразиялық өнеркәсіптік кооперацияны дамыту орталығы ретінде әрекет етуге дайын екенін де айтты.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript