Жаңалықтар тізбегі
0

Мемлекет басшысы Қазақстанның Одақты дамытуға қатысты ұстанымын жеткізді

Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңістік, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.05.2023 20:08 Сурет: akorda.kz
Мәскеудегі Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысында Қазақстан Президенті ЕАЭО-ны дамытуға қатысты ұстанымы туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Қазақстанның Одақты дамытуға қатысты ұстанымы – елдеріміздің экономикалық әлеуетін дәйекті түрде арттыру. Яғни, жобалар, технологиялар, жұмыс орындары, салықтар. Біз күш біріктіре отырып, алдымызға қойған барлық міндетті табысты атқаратынымызға және Еуразиялық экономикалық одақты дамудың анағұрлым жоғары деңгейіне шығаратынымызға сенімдімін". Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев

Ол келесі жылы елдер бірлестігіне 10 жыл толатынын атап өтті.

"Біз ЕАЭО-ның мерейтойлық саммитіне жиналатын боламыз. Бұл айтулы оқиға жүріп өткен жолымызды егжей-тегжейлі талдауға және Одақтың одан арғы стратегиялық перспективаларын айқындауда арқа сүйейтін жақсы себеп болуы керек деп санаймын", - деп сөзін жалғастырды Мемлекет басшысы.


Осыған байланысты ол комиссияға Жоғары Кеңестің келесі отырысына еуразиялық интеграцияның бірінші кезеңі туралы баяндама дайындауды тапсыруды ұсынды.


"Онда негізгі қорытындылар мен жетістіктер, сондай-ақ одан әрі интеграциялық даму бойынша нақты ұсыныстар алға тартылады", - деп сөзін түйіндеді Тоқаев.


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: