Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанда 10 жылда АИТВ 2 есеге жуық өскен

Қазақстанда 10 жылда АИТВ  2 есеге жуық өскен, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.05.2023 14:37 Сурет: primeminister.kz
Премьер-министр үкімет отырысында Адамның иммун тапшылығы вирусы жаһандық денсаулық сақтау жүйесінің аса маңызды проблемаларының бірі болып қалатынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өкінішке қарай, әлем елдерінде бұл вирустың таралуы азаймай отыр. Қауіпті індетті жұқтырғандардың қатары Қазақстанда да артып келеді.

"Кейінгі 10 жылда 2 есеге жуық өскен. Былтыр инфекция жұқтырудың 4 мыңнан астам жаңа жағдайы анықталды. Қазір біздің елімізде осы инфекциямен ауыратын 30 мыңнан астам адам тұрады. Олардың жартысынан көбі – еңбекке қабілетті жастағы адамдар. Әзірше, әлем ғалымдары бұл вирусты жеңуге дәрменсіз. Ол – бүкіл адамзат баласына төнген аса қауіпті дертке айналып отыр", - деді Әлихан Смайылов.

Сондықтан премьер-министр вирустың алдын-алу шараларын қолдану, ауқымды түсіндіру жүргізу өте маңызды екенін айтты. Науқастарды халықаралық стандарттарға сәйкес сапалы емдеумен қамтамасыз ету қажет. Сонымен қатар вирусты тасымалдаушылардың барлығы қатаң медициналық бақылауда болуы керек.

Сонымен бірге ол мына мәселелерге назар аударды:.

  • Былтыр елімізде иммун тапшылығы вирусымен ауыратын науқастарға арналған әлеуметтік жобаларға небәрі 7 үкіметтік емес ұйым тартылды. Бұл – өте аз. Сондықтан Денсаулық сақтау министрлігі әкімдіктермен бірлесіп, осы жұмыстарға үкіметтік емес ұйымдарды тарту үшін әлеуметтік гранттар мен тапсырыстар санын кеңейтуі керек.
  • Аурудың белгілері және жұқтыру жолдары туралы адамдарға кеңінен ақпарат беру қажет. Сонымен қатар қауіпті вируспен өмір сүретін адамдарға қоғамның көзқарасын жақсарту қажет. Денсаулық сақтау және Ақпарат министрліктері әкімдіктермен бірлесіп, ақпараттық материалдар, роликтер, әлеуметтік желілер арқылы халық арасында түсіндіру жұмыстарын күшейтуі қажет.
  • Санитариялық-эпидемиологиялық қызметтер тарапынан халыққа медициналық қызметтерді, сол сияқты жұқтыру қаупі бар басқа да ем-шаралар көрсету кезінде инфекциялық қауіпсіздікке қатаң бақылау жасалуы қажет.


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: