Әлихан Смайылов ШҚО-ның жаңа әкіміне Риддер ЖЭО-ны күрделі жөндеуден өткізуді тапсырды
Сурет: primeminister.kz
Өңір активіне жаңа әкімді таныстыра отырып, Әлихан Смайылов соңғы 5 жылда облыс орнықты даму көрсеткіштеріне қол жеткізгенін атап өтті.
Әкімдіктің негізгі міндеттерінің қатарында тұрғындарды ауыз сумен және электрмен үздіксіз қамтамасыз ету, әлеуметтік инфрақұрылым нысандарын жаңғырту, сондай – ақ жергілікті жолдардың сапасын арттыру бар. Сонымен қатар премьер-министр жылумен жабдықтау мәселелерін шешу тақырыбын қозғады.
"Өткен қыста Риддер ЖЭО-да қазандық агрегаттарында 81 авариялық жағдай тіркелді. Қала тұрғындарына қара суық түсісімен дұрыс жылу берілген жоқ. Бұл проблемаларды жаңа жылыту маусымы басталғанға дейін шешу керек. Осыған байланысты облыс әкімдігінің алдында Риддер ЖЭО-ны күрделі жөндеуді және алдағы жылыту маусымының тұрақты өтуін қамтамасыз ету міндеті тұр", - деді Әлихан Смайылов.
Оның айтуынша, аймақтағы экологиялық ахуал да үлкен алаңдаушылық туғызады. Атап айтқанда, Өскемен бүгінде еліміздің экологиялық жағынан ең ластанған қалаларының қатарына кіреді. Сондықтан зиянды қалдықтарды азайту және табиғатты қорғау іс-шараларына инвестицияларды ұлғайту үшін өнеркәсіптік объектілерді жаңғырту қажет.
"Абай облысындағы соңғы қайғылы оқиғаларға байланысты өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ерекше назар аудару керек. ШҚО-да 3 млн гектарға жуық мемлекеттік орман қоры бар, сондықтан бұл мәселенің маңызы зор", - деп атап өтті үкімет басшысы.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript