Мемлекет басшысы Германияның Федералды президентін Ақордада қарсы алды
Сурет: Zakon.kz
Германия Федеративтік Республикасының Федералды президенті Франк-Вальтер Штайнмайер мемлекеттік сапармен Қазақстанға келді, деп хабарлайды Zakon.kz
Франк-Вальтер Штайнмайерді мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ақорданың салтанат залында қарсы алды.
Сурет: Zakon.kz
Екі президент бір-бірімен амандасты. Сонымен қатар Франк-Вальтер Штайнмайер министрлер кабинетінің мүшелерімен және президент әкімшілігінің қызметкерлерімен қол алысты.
Ақорданың салтанат залында Құрмет қарауылының бастығы мемлекеттер басшыларына рапорт берді. Одан кейін екі елдің әнұраны шырқалды. Содан кейін мемлекет басшылары кездесуге кіріп кетті.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript