Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстан мен Әзербайжан тауар айналымын бір миллиард долларға жеткізуді көздеп отыр

Әзербайжан, Қазақстан үкіметі, Әзербайжан мен Қазақстанның сауда айналымы, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.06.2023 14:57 Сурет: primeminister.kz
Қазақстан премьер-министрі Әлихан Смайылов Әзербайжанға ресми сапары барысында осы елдің президенті Ильхам Әлиевпен кездесті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Үкімет басшысы ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ыстық сәлемін жеткізіп, әзербайжан халқының Жалпыұлттық көшбасшысы Гейдар Әлиевтің биыл аталып өтілетін 100 жылдық мерейтойының маңызы зор екенін айтты.

Әзербайжан, Қазақстан үкіметі, Әзербайжан мен Қазақстанның сауда айналымы, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.06.2023 14:57

Сурет: primeminister.kz

"Тауар айналымын 1 млрд долларға жеткізу жөніндегі алдымызға қойылған міндетке сәйкес, біз Әзербайжан Үкіметімен бірлесіп, сауда-экономикалық қарым-қатынастарды кеңейту бойынша жұмыс істеп жатырмыз", — деді Әлихан Смайылов.

Өз тарапынан Ильхам Әлиев ҚР Премьер-Министрінің Әзербайжанға ресми сапары екі ел арасындағы достық қарым-қатынасты одан әрі дамытуға ықпал ететініне сенім білдірді.

Әзербайжан, Қазақстан үкіметі, Әзербайжан мен Қазақстанның сауда айналымы, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.06.2023 14:57

Сурет: primeminister.kz

"Біздің ынтымақтастығымыздың күн тәртібі өте ауқымды, ол жылдан жылға кеңейіп келеді. Президенттер деңгейінде қабылданған келісімдердің жүзеге асырылып жатқанына қуаныштымын. Бұл екі ел арасындағы қарым-қатынастың өте жоғары деңгейде екенін көрсетеді. Сонымен қатар оларды әрі қарай дамыту үшін бізде орасан зор әлеует бар. Біз келіскен шараларды іске асыру тауар айналымының ұлғаюына ықпал етіп, энергетика, көлік және басқа салаларда бұдан да ауқымды жобаларды жүзеге асыру үшін бизнеске қосымша мүмкіндіктер жасайды", — деді Ильхам Әлиев.

Әзербайжан – Қазақстанның Оңтүстік Кавказдағы ең маңызды сауда-экономикалық серіктесі. Өткен жылдың қорытындысы бойынша екіжақты тауар айналымы 40%-ға өсіп, 460 млн доллардан асты. Биылғы 4 айдың қорытындысына сәйкес өзара сауда айналымы 185 млн доллар болып, 40%-ға артты.

21 маусым күні ҚР премьер-министрі Әлихан Смайылов Әзербайжан Республикасына ресми сапармен барды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: