Бас прокуратура Назарбаевтар отбасының шетелдегі мүлкін іздестіре ме
Сурет: elbasy.kz
Бас прокурордың орынбасары Ұлан Байжанов сенат отырысында журналистердің экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың отбасының шетелдегі мүлкіне "заңсыз шығарылған мүлікті қайтару туралы заң" қабылданғаннан кейін тінту жүргізіле ме деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ол жеке фамилияларды атамауды жөн көретінін айтты. Бірақ заңда Бас прокуратура тексеретін субъектілердің критерийлері нақты көрсетілген.
"Егер сіз атаған фамилия және сол отбасының мүшелері осы критерийлерге жататын болса, әрине, бұл заң оларға қатысты болады".Ұлан Байжанов
Сенат депутаттары 29 маусымда "Заңсыз шығарылған мүлікті мемлекетке қайтару туралы" заң мен оған қатысты түзетулерді мақұлдады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript