Жаңалықтар тізбегі
0

Әлихан Смайылов: 2023 жылы ел экономикасы 4,5-5% өседі деп отырмыз

Әлихан Смайылов: 2023 жылы ел экономикасы 4,5-5% өседі деп отырмыз, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.06.2023 15:49 Сурет: primeminister.kz
Үкімет басшысы бүгінде республика экономикасы сыртқы келеңсіздіктерге бейімделіп, тұрақты даму жолына түскенін атап өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атап айтқанда, былтырғы қорытынды бойынша ел экономикасы 3,3% өскен. Бұл ретте жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік нысандарының саны 27% көбейді. Осы секторда жұмыспен қамтылғандар саны 18% өсіп, 4,1 млнға жетті. Ал экономикадағы ШОБ үлесі 33%-дан 36,5%-ға дейін ұлғайды.

"Қабылданып жатқан шаралар биыл тұрақты экономикалық өсімді қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. 5 айда жалпы ішкі өнімнің нақты өсуі 4,5% болды. Барлық негізгі сала бойынша оң динамика қалыптасып отыр", - деді Әлихан Смайылов.

Нақты өсім - құрылыс саласында 12%, сауда-саттықта 10%, байланыс саласында 9%, көлік саласы бойынша 7%, өңдеу өнеркәсібінде 3,3%.

"Экономикалық өсім инвестициялармен тікелей байланысты. Негізгі капиталға салынған инвестициялардың нақты көлемі 5 айда 17,2% өсті. Биыл біз экономиканың өсуін 4,5-5%, ал орта мерзімді болашақта кемінде 6% деңгейінде көздеп отырмыз", - деді премьер-министр.

Сонымен қатар Әлихан Смайылов үкімет пен жергілікті атқарушы органдардың негізгі міндеттерінің бірі азық-түлік бағасын тұрақтандыру екенін атап өтті. Ол үшін бүгінде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілермен форвардтық келісім-шарттар жасасуды, азық-түлік бойынша тұрақтандыру қорларының белсенді жұмысын, көкөніс қоймаларының құрылысын, монополияға қарсы және сыртқы сауданы реттеуді және тағы басқа көздейтін инфляцияны бақылау және төмендету жөніндегі шаралар кешені іске асырылып жатыр.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: