Жаңалықтар тізбегі
0

"Неге жылда ауыстырады?": Алматы әкімі жиектасты ауыстыруға қатысты шағымға жауап берді

"Неге жылда ауыстырады?": Алматы әкімі жиектасты ауыстыруға қатысты шағымға жауап берді, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.07.2023 11:09 Сурет: Zakon.kz
13 шілдеде Бостандық ауданының тұрғындарымен кездесуінде Алматы әкімі Ерболат Досаев шаһарда жиектастардың жыл сайын неге ауыстырылатынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бостандық ауданы тұрғындарының бірі әкімнен Алматыда бордюрлердің неге жиі ауыстырылатынын, ал кейбір аулаларда қалыпты асфальт жоқ екенін сұрады.

Ерболат Досаев жиектасты алып тастаған кезде оны түзетіп, ретке келтіріп, кейін орнына қоятынын түсіндірді. Ал түзетуге келмейтін жиектастарды өзгерту керек.

"Алматы жолдарында бордюрдің екі түрі бар. Біріншісі - цемент-құмды жиектас. Оны әуелі престеп, кейін орнатады. Қыста жолдарды химиялық заттармен өңдейтінімізді ескерсек, олардың қызмет ету мерзімі бес жылдан аспайды. Сонымен қатар оның арнайы техникамен соқтығысуы бар. Екінші типтегі бордюрлар - 10 жылдан 15 жылға дейін қызмет ететін гранит. Әл-Фараби даңғылындағы жиектастардың 20-25%-ын ауыстырамыз деп болжаған едік. Бірақ 3%-ын ғана ауыстыратын болдық", - деді әкім.

Мегаполис басшысы жиектастар жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ететінін, сондықтан олар жақсы жағдайда болуы керек екенін түсіндірді.

"Қоғамдағы азаматтардың арқасында жол жиегі мәселесін бақылауда ұстап отырмын. Өткен аптада қазір жол жөндеумен айналысып жатқан барлық компанияны жинадым. Біз барлық қордаланған мәселені талқыладық және мен оларға тағы да ескерттім. Олардың қалай жұмыс істейтінін қадағалап отырмыз. Осылайша бордюрлердің 3-5%-дан аспайтыны ауыстырылады, қалғандары түзетіліп, орнына қойылады", - деп қосты Ерболат Досаев.

Бұған дейін Алматы әкімі әл-Фараби мен Абай даңғылдарының неліктен бір мезгілде жөнделіп жатқанын түсіндіріп, жол ережесін бұзған мопедистермен қалай күресетінін де айтқан еді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: