Жаңалықтар тізбегі
0

"ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ басшысы мен Энергетика вице-министріне сөгіс берілетін болды

АМӨЗ, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.07.2023 18:00 Сурет: primeminister.kz
"ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиев пен Энергетика вице-министрі Жандос Нұрмағанбетовке сөгіс жарияланды. Бұл туралы ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайыловтың Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа берген есебі барысында белгілі болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақорданың мәліметінше, Әлихан Смайылов Мемлекет басшысына батыс өңірінің энергетика жүйесінің жай-күйіне жасалған ауқымды талдау нәтижесінде энергетика кәсіпорындарының жұмысында бірқатар кемшілік жіберілгені анықталғанын жеткізді. Бұдан бөлек Энергетика министрлігінің, "KEGOC" АҚ, "МАЭК" ЖШС және "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ жұмысында олқылықтар бар екені мәлім болды.

"ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиевке мұнай өңдеу зауытының қауіпсіз және тұрақты жұмысын қамтамасыз ету шараларын уақтылы жүзеге асырмағаны үшін сөгіс беріледі.

Бұдан бөлек батыс энергия торабының қауіпсіздігіне тиісті деңгейде бақылау жасамағаны үшін Энергетика вице-министрі Жандос Нұрмағанбетовке сөгіс жариялау жөнінде шешім қабылданды.

Сонымен қатар "МАЭК" ЖШС, АМӨЗ, "KEGOC" АҚ басшылары мен лауазымды тұлғаларына қатысты әкімшілік сипаттағы шаралар қолданылады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: