Жаңалықтар тізбегі
0

"Диқандарға жаңа техника керек": Смайылов машина жасау бойынша бірқатар тапсырма берді

"Диқандарға жаңа техника керек": Смайылов машина жасау бойынша бірқатар тапсырма берді, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.08.2023 10:57 Сурет: primeminister.kz
Премьер-министр Әлихан Смайылов үкімет отырысында ауыл шаруашылығындағы машина жасау саласына тоқталды. Ол қазір еліміздің ауыл шаруашылығы техникасы паркінің тозу деңгейі шамамен 76%-ға жетіп отырғанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
1Былтыр отандық кәсіпорындар 15 мыңнан астам ауыл шаруашылығы техникасын жасап шығарды. Бірақ бұл жеткіліксіз. Диқандарға жаңа техника қажет! Сондықтан, өндіріс қарқынын арттыру қажет. Ол үшін бізде барлық қажетті құралдар мен мүмкіндіктер бар. Кәсіпорынға 12 млрд теңге инвестиция салынды, толық қуатында жұмыс істеген соң онда 1000-ға жуық адам еңбек ететін болады. Бұл жұмысты жалғастыру керек. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Машина жасауды дамыту жөніндегі жоспарларды орындау бағытында жұмысты күшейтуі керек", - деді Әлихан Смайылов.

Сонымен қатар ол мына мәселелерге назар аударуды сұрады:

  • Бірінші. Индустрия министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен және ұйымдармен бірлесіп, қысқа мерзімде Машина жасауды дамытудың кешенді жоспарын келісіп, тиісті қаулыны енгізуі қажет.
  • Екінші. Энергетика, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрліктері мүдделі мемлекеттік органдармен және ұйымдармен бірлесіп, Халықаралық мұнай-газ машина жасау орталығының тиімділігін арттырсын. 
  • Үшінші. Біз отандық өндірісті дамыту үшін импортталатын ауыл шаруашылығы техникасын сатып алуға субсидия беруді азайтуды көздеп отырмыз. Индустрия, Ауыл шаруашылығы министрліктері мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, Қазақстанда аналогтары бар импорттық ауыл шаруашылығы техникасына инвестициялық субсидия беру мөлшерлемесін 25%-тен 15%-ке дейін төмендету мәселесін пысықтауы қажет.
"Қазір саланың ішкі нарықтағы үлесі бар болғаны 13% болып отыр. Импорт шамамен 20 миллиард доллар көлемінде. Отандық өнімді экспорттау үшін бізде айтарлықтай мүмкіндіктер бар. Мысалы, Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің машина жасау өнімдері импортының жалпы көлемі 2021-ші жылы 141 млрд долларды құрады. Яғни, еліміздің аталған нарықтағы үлесін әлі де арттыруға болады",- деді премьер-министр.

Тағы бір маңызды мәселе – жабдықтардың тозу деңгейі өте жоғары болып отыр. Машина жасау саласындағы бұл көрсеткіш орта есеппен 40%-ке жуық.

"Сондықтан оны мүмкіндігінше жаңғырту керек. Ең әуелі, шағын және орта бизнес үшін қаржы көздері қолжетімді болуы тиіс. Оның ішінде Өнеркәсіпті дамыту қорының желісі бойынша қаржыландыру жүйесін жетілдіру керек". Әлихан Смайылов

Машина жасау – жоғары технологиялық сала және экономиканың барлық секторларына қатысы бар. Соңғы 5 жыл ішінде бұл саланың ел экономикасындағы үлесі 1,5 есеге өсті. Өндіріс көлемі 3 есеге өсіп, 3 трлн теңгеден асты. Өткен жылдың өзінде ғана салаға 470 млн доллардан астам шетелдік инвестиция тартылды. Дегенмен, отандық машина жасау саласын дамыту мүмкіндігі бұдан да жоғары.

Ол бақылау мен үйлестіруді Роман Склярға тапсырды.


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: