Жаңалықтар тізбегі
0

Премьер-министр Қазақстан мектептерінде және полицияда бейнебақылаудың қосылғанымен танысты

Премьер-министр Қазақстан мектептерінде және полицияда бейнебақылаудың қосылғанымен танысты, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.08.2023 09:26 Сурет: primeminister.kz
ҚР премьер-министрі Әлихан Смайылов Ішкі істер министрлігінде болып, қылмыстың алдын алу мен оларды ашуда заманауи технологияларды қолдану, жалпы полиция жұмысын цифрландыру барысымен, жаңа оқу жылы қарсаңында мектептердегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету шараларымен танысты.

Ведомство басшысы Марат Ахметжановтың баяндауынша Ішкі істер министрлігі республикадағы қалалардың көшелері мен қоғамдық орындарында "толық қамту" принципімен бейнебақылаулар енгізуде. Жыл басынан бері полицияның жедел басқару орталықтарындағы (ЖБО) бейнекамералар арқылы 6 мың қылмыс ашылды, 2,7 млн жол ережесін бұзу, сондай-ақ 312 мың басқа да әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Нәтижесінде, биыл еліміздегі қылмыс көрсеткіші 17%-ға төмендеген.

"Цифрландыру арқылы тиісті мемлекеттік қызметтер жұмысының тиімділігін арттыруға болатынына талай рет көзіміз жетті. Нәтижесінде, еңбек өнімділігі артып, жемқорлық фактілері азаюда. Цифрлық технологияларды енгізу арқылы Ішкі істер министрлігі де жақсы нәтижелерге қол жеткізіп отыр. Енді мұны аймақтарда одан әрі кезең-кезеңімен жүзеге асыру қажет", — деді Әлихан Смайылов.

Бұдан бөлек, үкімет басшысы мектептердегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету жұмыстарымен танысты. Атап айтқанда, оқу орындарында орнатылған бейнекамералардағы жазбалар мен дабыл түймешелерінің сигналдарын жедел басқару орталықтарына және полицияның кезекші бөлімшелеріне шығару барысы көрсетілді.

Бүгінде мұндай шаралармен 3 654 мектеп қамтылған, бейнебақылау камералары 7 600 мектепте орнатылған. Оларды қосу жұмыстары жалғасып жатыр. Бұдан бөлек, үкімет басшысы "Цифрлық полицей" жобасы аясында сатып алынған жаңа бейнежетондардың жұмысын бағалады. Сонымен қатар премьер-министрге полицияға жол ережесін бұзғандарды анықтауға көмектесетін "Қорғау" жүйесінің ерекшеліктері туралы баяндалды.

Әлихан Смайылов тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жауапкершілікті күшейту шараларын жүзеге асыру барысымен, көші-қон саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету жұмыстарының нәтижесімен және CyberPol интернет-алаяқтықпен күрес жөніндегі жобамен танысты.

Сонымен қатар кадрлық процестерді автоматтандыру қорытындысы, жедел-қызмет, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету және жалпы құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша өзекті мәселелер қаралды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: