Жаңалықтар тізбегі
0

Әлихан Смайылов: Президент жүктеген тапсырмалар жалпы орындалды

Әлихан Смайылов: Президент жүктеген тапсырмалар жалпы орындалды, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.08.2023 12:39 Сурет: primeminister.kz
ҚР премьер-министрі Әлихан Смайылов "AMANAT" партиясы фракциясының кеңейтілген отырысына қатысты. Ол өз сөзінде депутаттарды президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2019-2022 жылдарға арналған жолдауларының орындалу барысы туралы хабардар етеді.

Әлихан Смайыловтың сөзінше, барлық бағдарламалық құжат халқымыздың әл-ауқаты мен өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған. Бұл тапсырмалар қиын кезеңде, үнемі туындап отыратын сыртқы және ішкі сын-қатерлер жағдайында іске асырылды.

"Дегенмен жалпы қойылған міндеттер жүзеге асырылды, ал ұзақ мерзімді және жүйелі тапсырмалар орындалу барысында", — деп атап өтті Әлихан Смайылов.

Премьер-министрі мемлекет басшысы өзінің алғашқы Қазақстан халқына Жолдауында үлкен саяси өзгерістер туралы жариялағын айтты. Себебі елдің қоғамдық-саяси өмірін жаңғыртпайынша, экономикалық реформаларды жүргізу мүмкін болмайтын еді.

"Азаматтық қоғамды дамыту тұжырымдамасы іске асып жатыр. Бұл құжат демократияны нығайтудың жаңа кезеңі және көппартиялықты дамыту мен бәсекелі сайлауды өткізу жолындағы алғашқы қадам болды. Президент жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің жұмысын жалғастыру үшін жалпыұлттық деңгейде Ұлттық құрылтай құрылды. Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру мен өткізудің жаңа тәртібі заңнама деңгейінде реттелді. Алғаш рет заң жүзінде сыбайлас жемқорлық қылмыс орын алған мемлекеттік орган басшысының жауапкершілігі бекітілді. Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс қабылданды. Ол азаматтар мен бизнестің мүддесін қорғауды қамтамасыз етеді. Заң жүзінде азаматтардың құқықтарын қорғау кепілдігі артып, қылмыстық процесте тараптардың сайыскерлігі және теңдігі қамтамасыз етілді". Әлихан Смайылов

Оның сөзінше, алғаш рет мемлекеттік органдар үшін азаматтардың өтініштерімен жұмыс істеуіне арналған бірыңғай ақпараттық жүйе енгізілді. Аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер және ауылдық округтер әкімдерін сайлау институты енгізілді. Оның аясында 1576 ауыл әкімі сайланды. Жер кодексіне тиісті түзетулер енгізу арқылы шетелдіктерге және шетелдік заңды тұлғаларға ауыл шаруашылығы жерлерін беруге түпкілікті тыйым салынды.


"Халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасын іске асыру аясында Үкімет "Қоғамдық бақылау туралы" заң әзірледі. Ол мемлекеттік органдар мен ұйымдардың қоғам алдындағы ашықтығын және есептілігін арттырады".Премьер-министр
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: